Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмолалық ХҚКО-лар мүгедектерден заңсыз баж салығын алған

Сұқбат
Ақмолалық ХҚКО-лар мүгедектерден заңсыз баж салығын алған

Антикор Ақмола облысында болып жатқан  заңсыздықты анықтады. Өңірдегі Халыққа қызмет көрсету орталықтары  500 мүмкіндігі шектеулі азаматтан мемлекеттік баж салығын заңсыз алып отырған.   

Олар мүгедектерге жеке куәліктер мен  паспорттар бергені үшін негізсіз салық салған. Салық кодексінің 622-бабына сәйкес мұндай санаттағы азаматтар құжаттандыру қызметтері үшін мемлекеттік баж төлемейді.  

Веломство мәліметінше, алынған  баждардың жалпы сомасы 1 345 000 теңге болды. Қазір антикор  полиция органдарымен бірге ақшаларды  қайтару үшін жұмыс  жүргізіп жатыр. Бұдан әрі осындай негізсіз мемлекеттік баж алуды болдырмау үшін департамент ақпараттық жүйелерге интеграциялау  жүргізбек.  Сондай-ақ, белгілі бір санаттағы тұлғаларға және өзге де салаларда жеңілдіктер беруге қатысты қолданыстағы заңнаманы зерделеу жоспарланған.  

 

Көрнекі фото Koksheinform.kz cайтынан алынды 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу