«Арселор Миттал Теміртау»-дағы кісі өлімі. Смайылов көңіл айтумен ғана шектеле ме?   

Malim Админ

  • 03.11.2022

«АрселорМиттал Теміртау»-дың Ленин   шахтасында 3 қарашаға қараған түні қайғылы оқиға орын алып, 5 кенші қаза тапты.  Өндіріс орнының Көмір департаментінің директоры Арман Қалықов апаттың себебін мәлім етті.

«Үшінші қараша күні сағат 03.03-те Ленин атындағы шахтада газды дренажды ұңғымаларды бұрғылау кезінде метан газы кенеттен тарап кетті. Апат кезінде шахтада жер астында 106 адам болған. Оның 101-і эвакуацияланды. 5 адам қайтыс болды, қазіргі уақытта төрт адам ауруханада жатыр».    

Оқыс оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Премьер-министр Смайылов  бұған дейін де  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығына кеншілер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау қажетін айтқан.

«Биыл жазда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға барған кезімде мен компания басшылығына кеншілер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, өндірісті жаңғыртуға инвестициялар бөлу жөнінде кешенді шаралар қабылдау қажет екенін айтқан болатынмын» дейді ол.

Үкіметтік комиссия алдына апат себептерін тексеру, шұғыл мәселелерді шешу, сондай-ақ қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына жан-жақты көмек көрсету бойынша міндеттер қойылды.

Алайда Смайыловтың үкіметі  көңіл айтумен ғана шектеліп отыр, бір емес бірнеше мәрте адам өліміне себепкер болған компания басшылығына жаза тағайындау туралы ләм-мим деген жоқ.  Мұндай орны толмас оқиғалар қашанғы жалғасады?      

 

Байланысты жаналықтар

Бұрынғы полицейге адам өлтірді деген айып тағылды

18.11.2024

Түркиядағы лаңкестік. 4 адам мерт болды. Жарақат алғандар көп

24.10.2024

Дәрігерлер шахтада уланған азаматтың жағдайы туралы айтты

07.10.2024

«Қазақмыстың» екі қызметкері қайтыс болды

07.10.2024

Жамбыл облысындағы кен орнында жұмысшы қаза тапты

23.09.2024

Шахтадағы жарылыс: Жамбыл облысында жұмысшы үйінді астында қалды

19.09.2024
MalimBlocks
Бұрынғы полицейге адам өлтірді деген айып тағылды

Қайғылы оқиға 17 қарашаға қараған түні Тасқала ауданында болған

Түркиядағы лаңкестік. 4 адам мерт болды. Жарақат алғандар көп

Ердоған Түркияның лаңкестер мен олардың сыбайластарынан келетін қауіптердің барлық түріне қарсы табанды әрі жан-жақты күрес жалғасады деп сендірді

Дәрігерлер шахтада уланған азаматтың жағдайы туралы айтты

«Қазақмыстың» екі қызметкері қайтыс болды

Шахтада көміртегі газы бөлінген

Жамбыл облысындағы кен орнында жұмысшы қаза тапты

Шахтадағы жарылыс: Жамбыл облысында жұмысшы үйінді астында қалды