"Ауылда екі сиыр бағатын жер жоқ"

Malim Админ

  • 19.01.2021

Алматы облысына қарасты Қызылағаш ауылында жер дауы. Халық жайылым мен суармалы жерсіз қалғандарын айтады. Екі сиырды сауып ішер күнге зар болып қалдық. Және шөптің бағасы қымбаттап қиналып қалдық дейді.

3 мыңнан аса түтіні бар қызылағаштықтар ауыл маңындағы 1500 гектар суғармалы жерді елдің пайдалануына беру керек деп есептейді. Халық бұл талапты осы жылдан бастап жергілікті билік өкілдеріне бірнеше рет қойған. Олар оған жеміс-жидек, малға жоңышқа егуге ниетті. 650 отбасыға 2-3 гектардан бөліп берсе дейді.

«Ауылымызға 6 млрд қаражатқа су тоспасы салынды. Бұл халық үшін салынды. Бірақ біздің халқымызда егістік жер жоқ. Ол инвестордың меншігінде. Сонда тоспа кім үшін салынды? Біз соны білгіміз келеді. Ұлтарақтай жеріміз жоқ. Қытығына тие берсең құмырсқада шағады деген сөз бар. Халық індеттен қорықпай жиналып келіп отыр. Аштықтан өлгенше індеттен өлейік деп жиналдық. Бізге таудың етегінен жер беріп отыр. Ол жерге өмірі су шықпаған. Ол қалай суғармалы алқап болмақ? Ол су шыққанша өліп бітпейміз бе? Инвестор сүт өнімін шығаратын кәсіп орын ашады дейді. 50 жұмыс орыны болмақ екен. Елуден бөлек қалған адам жұмысты қайдан табады? Бұл ауылда 3500 мың адам тұрады», - дейді ауыл тұрғыны Сарқыт САЛҚАНОВ.

Ауыл халқы бұған дейін де жиналып Ақсу ауданы әкімі Есім БАЗАРХАНОВ, Қызылағаш округінің әкімі Айдар САМИХОВПЕН кездескен екен. Бірақ бір мәмілеге келе алмаған.

 

«Аудан басшылары құлағымызға неше жылдан бері  керең құлақ өсіріп  келеді. Жергілікті әкімдер ауылымызды қоршап тастады. Екі сиырды сауып ішетін күнге зар болып қалдық. Біздің жерімізді заңсыз түрде ауыл халқымен санаспай таратып жатыр. Жайылым жоқ. Суаратын жер ол жоқ. Бір-ақ адамның мүдесі қорғалып отыр. Осы жер үшін Қызылағаштың қаны төгілген. Осы біз сұрап отырған жерге су жинаймыз деп су тоспасы жарылып ауылымыз 2010 жылы суға ағып кеткен», - дейді тағы бір ауыл азаматы Әділет АҚЖАЛБЕКОВ Malim.kz сайтының тілшісіне.

«Бізде жер жоқ. Әуелі былтыр бір-біріміздің сиырларымызды өлтіруге дейін бардық. Жер жоқ болған соң сиырлар ауылдың ішін аралап кетті. Біреудің үйінің жанындағы бақшасына түсіп кетеді. Сөтіп бір-екі адамның сиырын өлтірді. 2020 жылға дейін өрісіміз болған. Іргелес орналасқан Қарашілік ауылының азаматына 300 гектар жерімізді беріп тастаған», - дейді Жанар ОРАЗАЕВА.

Халық даулап жатқан 1500 гектар суғармалы жер 1998 жылы халыққа пай ретінде берілсе, кейін  Қуаныш БЕКЕЕВ басқаратын «Шынар» ЖШС-гі иеленген.  2010 жылы жарылған су қоймасы да осы Бекеевтің жеке меншігінде болған. 2012 жылы суғармалы жер байқау арқылы «Ақсу Агрохолдинг» ЖШС-не өтіпті. Содан бері мүлдем пайдаланылмаған. Оны жергілікті әкімдікте мойындайды.

«2018 жылы «Ақсу Агрохолдинг» ЖШС-гінің иелері ауысты. Құрылысқа 20 гектар жер алып бес үй салып,  5 мың малды бордақылауға орын дайындап жатыр. 697 бас мал алып келеді. Сүт фермасын ашады. Ақшаны былтырдан бастап құя бастады. Суғармалы жердің су жүретін жолдарын өздері тазалап жатыр. Халықтың барлық проблемасынан хабардармыз. Бірақ бұл жерді біз алып бере аламаймыз. Ал малдың жайылымы шешімін табады. Жазғы жайлауды да кеңейтіп бердік», - дейді Ақсу ауданының әкімі Есім Базарханов.

Аудан басшылығынан тұшымды жауап ала алмай жүрген ауыл белсенділері бұл жолы жиналыстарына жер комиссиясында жұмыс істеген қоғам қайраткері Мұхтар ТАЙЖАНДЫ шақырды. Мұхтар БОЛАТХАНҰЛЫ бұндай жағдай Қазақстанның барлық ауылдарында барын айтады.

«Ауыл халқының жалғыз табыс көзі мал. Ал жерсіз мал өсірудің қиын екені түсінікті. Бұл даулы жер 7 жылдан бері пайдаланылмай жатқаны факт. Оны ешкім жоққа шығарып тұрған жоқ. Яғни заңға сәйкес бұл жер мемлекет меншігіне қайтарылуы тиіс еді. Аудандық жер бөлімі бірінші жер қожайындарына ескерту жіберулері керек болған . Содан кейін сотқа беру керектұғын. Жер бос жатқан соң 10 есе салық салынады. Осының бірі жасалды ма? Халық шулаған соң инвестор ояна бастаған», - деді ауыл халқы және аудандық билік өкілдері бас қосқан жиында Мұхтар Тайжан.

Мұхтар Тайжан қойған сұрақтарға аудан әкімінің орынбасары Серік ҚҰСМОЛДИННІҢ өз жауабы бар. Ол «Қызылағаш» су қоймасы дайын болмағандықтан жер қожайындары алқапты пайдалана алмағанын айтады.

 

Фотолардың авторы Мұратбек КӘДІРЖАН. 

https://www.youtube.com/watch?v=gOnuzp9n0_8&feature=youtu.be

Байланысты жаналықтар

Мамин мектептерді ашпақшы. Қауіп жоқ па?

11.08.2021

Болат Атабаевпен екінші сұхбат

09.07.2021

Министр Райымқұлова – ойыншық

20.05.2021

Қытай геноцидіне қарсы акция тоқтамайды

13.05.2021

Шындықты айту да өнер!

01.05.2021

Түркияда өзбек сериалын түсірген қазақ

23.04.2021
MalimBlocks
Мамин мектептерді ашпақшы. Қауіп жоқ па?

Болат Атабаевпен екінші сұхбат

Министр Райымқұлова – ойыншық

Қытай геноцидіне қарсы акция тоқтамайды

Шындықты айту да өнер!

Түркияда өзбек сериалын түсірген қазақ