Азық-түлік қымбаттай бере ме? Пірматов түсіндірді
Қант, картоп, қызанақтың бағасы қатты қымбаттаған.

Азық-түлік қымбаттай бере ме? Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы түсіндірді. Пірматовтың айтуынша, Қазақстандағы азық-түлік бағасының өсуі инфляцияға байланысты.
"Инфляцияға ең көп үлес қосқан (?) азық-түлік тауарлары болды, олардың бағасының өсуі 10 пайыздан 15,4 пайызға дейін артты, бір айда инфляция 5,8 пайызға өсті", - деді Ұлттық банк басшысы.
Банк төрағасының мәлімдеуінше, ақ қырыққабат, қант, картоп, қызанақтың жылдық бағасы айтарлықтай өскен.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы айырбас бағамының төмендеуіне байланысты қысымға ұшырады. Ол наурызда 8,6 пайыздан 10,9 пайызға дейін өсті", - деп толықтырды Ұлттық банк басшысы.
Оның айтуынша, ақылы қызмет көрсету бағасы 7,1 пайыздан 8,3 пайызға дейін өскен, бұл бірқатар нарықтық қызмет бағасының өсуіне байланысты.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
"Алматы жастары". Сағынтаев 5 млн қосты, Досаев әлі үнсіз
Жыл сайын наурыз айында өткізілетін «Алматы жастары» тұрғын үй алуға жеңілдікпен несие беру қалалық бағдарламасы биыл мерзімінен кешікті. Бұрынғы әкім Бақытжан Сағынтаев кезінде қарқынды жұмыс жасаған бағдарламаның жаңа әкім Ерболат Досаев келгенде неліктен басталмай жатқанын білу үшін қала әкімдігіне арнайы хат жаздық.