"Бақытты отбасы" басталды, кімдер қатыса алады?
«Отбасы банк» 2% жылдық мөлшерлемемен «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдауды бастады.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау 20 маусыммен 19 шілде аралығында otbasybank.kz платформасында жалғасады. Қатысу үшін тіркелу кодын алуға «Отбасы банк» клиенті болу керек. Қосымша құжаттар мен анықтамалар қажет емес. Жүйе үміткердің құжаттарын автоматты түрде тексеріп, өтініш жасайды», - деп хабарлайды банк баспасөз қызметі.
Көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар мен толық емес(ажырасқандарына 3 жылдан артық уақыт болған) отбасылар қатыса алады.
Жылдық 2%бен жарна мөлшерлеме беріледі. Бұл елдегі ең төмен көрсеткіш. Бастапқы жарна – 10%, мерзімі – 20 жылға дейін. Берілген қаржыға кез келген пәтер мен үй сатып алуға болады. Берілетін қаржы Алматы, Шымкент, Ақтау Атырау мен Нұр-Cұлтан үшін 15 миллион теңге, өзге өңірлерде 10 миллион теңге. Өтініш берген адам өзі тіркеуде тұрған аймақтан ғана үй ала алады.
Былтыр өтініш беріп, өте алмағандар биыл өтінішті қайтадан тапсыра алады. Әкімшілік жанындағы үй алуға үміттілер кезегі жарна алуға тікелей әсер етеді. Өтініш қабылдау аяқталғаннан кейін негізгі және резерв тізімдер жасалады.