«Бауырым» дейтіндер көп, бауырын беретіндер жоқ

7 жыл бойы донор іздегендер бар

Олжас Қасым

  • 29.11.2023

Кейінгі бес айдың ішінде күту парағынан күдерін үзіп 111 науқас өмірімен қоштасқан. Ал жыл сайын жүрек, бауыр, бүйрек ауруына трансплантация жасата алмай 300-ден астам азамат көз жұмады. Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру орталығынының статистикасы бойынша 4000 қазақстандыққа донор керек.  Ал қазір 3916 ересек адам, 110 бүлдіршін кезекте тұр. Трансплантация тірі донорлардың арқасында жасылып келеді. 

Қазақстанда бауырды ауыстыру қиындық тудырып отыр. 178 адам осы орган донорына мұқтаж. Өкінішке қарай, оның 11-і  бала.   Басты проблема – сау ағзасын бөліп беретін жандардың тым аздығынан туындауда.  Хирург Абылайхан Шәрменовтің айтуынша,   бауыры  солған науқастарда донор табылып, ота жасалар күнді күтетін уақыт тым тапшы. Өйткені, оларға уақытша ем – диализ жүргізілмейді. «Операция жасау өте қиын. Себебі, туыстық бауыр трансплантациясы, яғни тірі донордан бауырдың жартысы алынады. Оның тамырлары, жартысына баратын бөлігі өте жіңішке болып келеді. Артериялары 2 мм, өт жолдары 3-4 мм. Өт жолдарын, артерияларды, тамырларды тігу өте күрделі.  Операциядан кейін олар оңайлықпен  бітіп кетпейді. Сондықтан, донорға да зақым келмейтіндей етіп алуымыз керек»,-дейді дәрігер.    

Иә, елімізде тек туыстық донор трансплантациясы жолға қойылған. Астаналық Ерболат Қаппас осыдан 2 ай бұрын бауырының жартысын  анасына берген. Операцияға тыңғылықты дайындалып, дәрігердің нұсқауымен 60 күнде 15 келідей салмақ тастаған. Ота сәтті өтіп, анасы қайта қатарға қосылыпты. 

Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының мамандары жылына шамамен 15 бауыр трансплантациясын жасайды. Биыл елімізде мұндай ота алғаш рет синтетикалық протезбен жүзеге асырылған. Жыл басында Астана тұрғыны Мөлдір Мұстафинаның бауыры ғана емес, ағза мен жүректі жалғап тұрған қан тамырлары да ауыстырылды. Науқас дертіне дауаны 7 жыл бойы шарқ ұрып іздеген. 2016 жылдан биылға дейін төсекке таңылып жатқан. 

Мөлдірге қойылған диагноз - альвеококкоз. Яғни, ішке түскен паразит бауырды түгелдей кеміріп, өт жолы мен қан тамырларын қысып тастаған. Кейін жүрекке зақым келтіре  бастапты. Осы уақытқа дейін науқасқа ауруын жеңілдету үшін 4 операция жасалады. Туған ағасы донор болып, оны бір өлімнен арашалап қалды.

Отаға қажетті жасанды синтетикалық протездер Үндістаннан әкелінеді. Операция қиын болғасын сол елден маман шақырылды. Жүрек қызметі мен жүрек-өкпе қан айналымын уақытша тоқтату үшін кардиохирургия орталығының қызметкерлері да көмек қолын созған. Дертке шалдыққандар санының артуына азаматтардың бейқамдық танытып, ауруды сезінбей, емханаға кеш қаралатындығы себеп болып отыр.  

Хирург  Абылайхан Шәрменов сырқаттың бастапқы кездерде  ешқандай белгі бермейтінін айтады. Оның пікірінше, науқас бірден ештеңе сезбейді, білмейді. Асқынған сатыларында, яғни, өт жолдарына, тамырларға өтсе немесе үлкен бір ісік болып өскенде ғана дәрігерлерге жүгінеді. Негізінен бауыр ауруларын тудыратын - ірі қара терісінде кездесетін альвеокок пен эхинокок құрттары. Дәрігерлердің айтуынша, дәл осы  паразиттердің кесірінен  дертке шалдыққандар саны аз болмай тұр. Себебі, елімізде мал шаруашылығымен айналысатындар көп болғандықтан, эпидемиологиялық аймақ сыртқаттың да ошағына айналып кеткен.       

Байланысты жаналықтар

Юрий Пя Ұлттық ғылым академиясының академигі атағын алды

27.11.2024

Елімізде қайтыс болған донордың ағзасы 4 адамның өмірін сақтап қалды

28.10.2024

Say Mo дене бітімін өзгерту үшін операция жасатты

17.10.2024

Елімізде 4 мыңнан астам науқас ағза ауыстыруға мұқтаж

09.10.2024

Израиль «Хезболла» ұйымына қарсы құрлық операциясын бастады

01.10.2024

Дәрігерлер науқастың денесінен 30 келілік ісік алды

21.08.2024
MalimBlocks
Юрий Пя Ұлттық ғылым академиясының академигі атағын алды

Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота  жасағанымен танымал

Елімізде қайтыс болған донордың ағзасы 4 адамның өмірін сақтап қалды

Say Mo дене бітімін өзгерту үшін операция жасатты

Әнші операцияның сәтті өткенін айтты.

Елімізде 4 мыңнан астам науқас ағза ауыстыруға мұқтаж

Статистикаға сәйкес, олардың көпшілігі кезегіне жетіп үлгермейді

Израиль «Хезболла» ұйымына қарсы құрлық операциясын бастады

Кеше Израильде әскери министрлер кабинетінің отырысы өтті

Дәрігерлер науқастың денесінен 30 келілік ісік алды

Тексеру нәтижесінде науқасқа «аналық без обыры» диагнозы қойылды