Беларусьтен кейін елбасымыздың дана шешімге барғанын көріп отырмыз

Malim Админ

  • 20.08.2020

«Ел арасында мынандай қияли сенім бар сияқты. Билікті "кет!" дегенде кетіріп, "жалықтық, орныңды босат!" десе, орнына керемет бір адам келе салатын сияқты». «Асыл арна» телеарнасының директоры, айтыскер Мұхамеджан ТАЗАБЕК осылай дейді.

Өзі басқаратын телеарнаның «Маңызды мәселе» бағдарламасына мәжіліс депутаты Бекболат ТІЛЕУХАНДЫ сұхбатқа шақырған Мұхамеджан Тазабек сұрақ қана қоймай, өз ойларымен де бөлісіп отырды.

Мәселен, он күннен бері бейбіт митингіге шығып жатқан Беларусь еліндегі жағдайды айналып өтпеді. Одақтас елдегі митингілерден кейін Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ былтырғы отставкасына дана шешім деген баға да берді.

«Кеше ғана басқаның аяғының астынан шыққан Қазақстан сияқты елдің зауытын жасап, жолын жасап, оның адамдарын тәрбиелеп, жаңа санаға, жаңа мәдениетке өзгерту үшін шынында да тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бір қолға жинақталған билік керек болды. Мықты лидер керек болды. Құдай оны басқа елдердің басына бермесе де, біздің басымызға берді. Бірақ өзінің уақытында қазақтың даналығына сәйкес елбасымыз билікті басқа адамдарға ұзатып салды. Қазір Беларусьтен кейін елбасымыздың қандай дана шешімге барғанын көріп отырмыз. Бұл да бір қазақтың пейілінің, дархандығының, даналығының көрінісі шығар», - деді айтыскер.

Естеріңізге сала кеетйік, Беларусь елінде 9-тамыз президенттік сайлаудан кейін жаппай митингілер басталды. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, 26 жыл президенттік тақта отырған Александр ЛУКАШЕНКО 80,01 пайызға ие болса, оппозиция атынан түскен Светлана ТИХАНОВСКАЯ 10,09 пайыз ғана дауыс жинаған. Бұған келіспеген халық жаппай көшеге шыға бастады.

Сондай-ақ, Мұхамеджан Тазабек біздің елде билік пен халық арасына сына қаққысы келетін шенеуніктерін барын айтты.

«Рухани арнаны басқарып отырған соң елбасының кейбір көзқарастарынан хабардармын. Мысалға елбасының салютты атуды жек көретінін білемін. Оны өз құлағыммен естігенмін. Бұл табиғаттың көркін, ауаны бұзады. "Ысырап жасап қайтесіңдер" деп төңірегіне ұрысқанын құлағыммен естігенмін. Бірақ сөйте тұра астанананың мерекесінде аспанға салют атылды. Халықты қолдан ыза қылды. Әлі де елбасы, Тоқаев сынап жатқан шенеуніктер билік пен бұқараның арасына от жағып жатқандай», - деді Мұхамеджан Тазабек.

Отшашу 6 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының күнінде үш рет атылды. Дәл сол күні экс-президент, «Nur Otan» партиясы мен Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 80-жасқа толған еді. Бірақ сол кезде елде коронавирус өршіген тұс еді. Дәрі-дәрмек тапшылығы орын алып, қара жамылған жұрт қатары көбейген.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

Байланысты жаналықтар

«Құшақтап жатады...»: Мұхамеджан Тазабек көп әйел алу туралы пікір білдірді

01.07.2024

Назарбаев туралы заңның күші жойылды 

11.01.2023

Мәжіліс Елбасы статусын қайта қарау үшін референдум өткізуге келісім берді

05.05.2022

Сенат Елбасы статусын қайта қарауға референдум өткізу ұсынысын мәжіліске жіберді

05.05.2022

Бәшімов: Контитуциялық реформа қоғам пікірін ескере отырып жасалу керек

04.05.2022

Бекболат Тілеухан мәжілістен кетті

29.12.2021
MalimBlocks
«Құшақтап жатады...»: Мұхамеджан Тазабек көп әйел алу туралы пікір білдірді

Көп әйелділік - Алла рұқсат берген, бірақ жауапкершілігі өте зор шешім.

Назарбаев туралы заңның күші жойылды 

Қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді

Мәжіліс Елбасы статусын қайта қарау үшін референдум өткізуге келісім берді

Қазақстан мәжіліс депутаттары референдум туралы заңға өзгеріс енгізу туралы сенат ұсыныстарымен келісті. Нақтырақ айтқанда, Елбасы статусын республикалық референдум арқылы шешуге рұқсат берді.

Сенат Елбасы статусын қайта қарауға референдум өткізу ұсынысын мәжіліске жіберді

Сенат республикалық референдумға қатысты заңға өзгеріс енгізу жобасын мәжіліске қайтарды. Және жобаға тағы бір тармақ қосты.

Бәшімов: Контитуциялық реформа қоғам пікірін ескере отырып жасалу керек

Мемлекет басшысы бастамашылық еткен конституциялық реформа қоғамда мүдделі және сындарлы түрде талқыланып жатыр. Бұл туралы Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов айтты.

Бекболат Тілеухан мәжілістен кетті