Билет қымбаттаған. Арзандаған дым да жоқ

Бір жыл ішінде теміржолдағы жолаушы билеті 20 пайызға қымбаттаған.

Руслан ЕРБОТА

  • 11.11.2022

Energyprom.kz  сарапшыларының жазуынша, қала маңына қатынайтын пойыз билетінің бағасы орта есеппен 16,7 пайызға өскен. Ал республика ішінде жүретін пойыздағы плацкарт вагон билеті 20,6 пайызға, купе вагоны - 17,8 пайызға қымбаттаған.

Басылым сарапшыларының байқауынша, билет бағасының өсуі әсіресе, Шымкент қаласында, Алматы мен Жетісу облыстарында жоғары.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Павлодар облыстарында билет бағасы аздап қымбаттаған.

Соңғы 9 айда теміржол көлігінің қызметіне 14,7 млн жолаушы жүгінген. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 32,6 пайызға көп. Бір қызығы, пойызбен көп жүретіндердің алдында астаналықтар болса, соңындағысы Бастыс Қазақстандық жолаушылар екен.   

Energyprom.kz  басылымының бұл зерттеуіндегі билет бағасына қатысты қортындысына «Қазақстан темір жолы» компаниясы әлі қандай да бір пікір айтпады. Яғни, билет бағасының 20 пайызға қымбаттағанын не терістемеді, не растамады.

Дегенмен, осы жылдың басындағы Қаңтар қырғынынан кейін  олигархтар мен монополистерге қарсы күрес жарияланған соң «Қазақстан темір жолы» компаниясы «Instant Payments» ЖШС-мен араларындағы келісім шартты бір жақты үзгенін жариялаған еді. Бұл компания «Қазақстан темір жолы» және  жолаушы ортасына еніп алып, әр сатылған билеттен пайда көріп отырған арамтамақ деп сипатталды. Және ауадан ақша жасап, жолаушы қалтасын қағып, билет бағасын қолдан қымбаттатып отырған компанияның артында Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Нұрсұлтанқызы тұрғаны айтылған еді. Әлия Назарбаеваның компаниясы «Қазақстан темір жолы» компаниясынан аластатылған соң, қарапайым жұрт енді жолаушы үшін билет бағасы арзандайтын шығар деп үміттенген еді. Алайда, арзандаған дым да жоқ болып тұр.

 (Басты бетте коллаж)

Байланысты жаналықтар

Қарағанды облысында үш вагон рельстен шығып кетті

03.11.2024

Ресейден кіргізілмекші болған 500 тоннадан астам бидай кері қайтарылды

14.09.2024

Ресейден Талдықорғанға заңсыз бара жатқан 4 вагон бидай кері қайтарылды

08.09.2024

Ресейде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

29.07.2024

Астанада 1 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жүру бағасы өседі

22.07.2024

«Сауранбаев деген кім соншама?!»: Мәжіліс депутаты қарызға белшесінен батқан ҚТЖ-ны сынады

12.06.2024
MalimBlocks
Қарағанды облысында үш вагон рельстен шығып кетті

Оқиға пойыздар қозғалысына әсер етпеген

Ресейден кіргізілмекші болған 500 тоннадан астам бидай кері қайтарылды

Астық Шымкентке жеткізілуі керек болған

Ресейден Талдықорғанға заңсыз бара жатқан 4 вагон бидай кері қайтарылды

Соңғы уақыттары мұндай жайттар көбейген

Ресейде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

Куәгерлердің айтуынша, жол апатына теміржол өткелінен өткісі келген КАМАЗ жүргізушісі себеп болған.

Астанада 1 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жүру бағасы өседі

Енді жол жүру бағасы 110 теңге болады

«Сауранбаев деген кім соншама?!»: Мәжіліс депутаты қарызға белшесінен батқан ҚТЖ-ны сынады

Депутаттың сөзінше, ҚТЖ басшысы Нұрлан Сауранбаев қаншама ереуілдер болып жатса да, біреуіне де бармаған.