Бір күнде 200 адам. «Сары» аймақтағы Алматы «қызылға» өте ме?

Короновирус бойынша Алматыда эпидемиологиялық ахуал асқынып барады

  • 07.07.2022
Көрнекі сурет: inbusiness.kz

Алматыда стелс-омикрон штаммы жүріп жатыр. Және короновирус жұқтыру бойынша көрсеткіш  бірнеше есе өскен. Бұл туралы Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы хабарлады.

«Алматы қаласындағы эпидемиологиялық аһуал одан ары асқынып барады. Маусым айында мамырға салыстырғанда ауру жұқтыру деңгейі 6,3 есе өскен. Тәулігіне 100-ден 200-ге дейін ауру жұқтырып жатыр. Биылғы 3 маусымнан бастап ҚР ДСМ эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында қала «сары» аймақта. 2022 жылдың 6 айында қалада 55 441 короновирус жағдайы тіркелді», - деді Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жетекшісінің орынбасары Қарлығаш Әбдіжапарова.

Әбдіжапарованың айтуынша, мамыр айында 94 адам ауру жұқтырса, маусымда 595 жағдай тіркелген. Шілде айының өзінде 773 адамның короновирус жұқтырғаны тіркеліпті.

Қазір Алматыдан бөлек астананың да сары аймаққа өтуі мүмкін екені айтылып жатыр. Бұл қалада бір күнде 36 адам ауру жұқтырған. Ал, Қазақстан бойынша 330 ауру тіркелсе, оның 191-і Алматыға тиесілі.

Қазақстандағы короновирус «бағдаршамының» талаптары бойынша 100 мың адамға шаққанда 25-тен 50 адамға дейін болса «сары» аймақ, одан жоғары болса «қызыл» аймақ талаптары енгізіледі. Соңғы 6 күндегі 773 адамның 191-і соңғы тәулікке тиесілі екенін ескерсек, қалада соңғы күндері эпид ахуал тіпті асқына түскені байқалады. Егер бұл қарқын тоқтамаса, маска тағуды ұмыта бастаған қала тұрғындары «қызыл» аймақ туралы да ойлана бастауы мүмкін.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін