«Болванка» салығы не үшін қажет?

Malim Админ

  • 04.03.2020

Шетелден аудио-видео жазатын электронды құралдарды тасушылар алдағы уақытта жаңа салық төлеуі мүмкін. Мамандардың сөзімен айтсақ, бұл салықтың бейресми атауы — «болванка» салығы. «Болванка» салығы деген не? Мәселен, сіздің қолыңызда мобильді телефон, үйіңізде телевизор, жұмысыңызда компьютер немесе ноутбук бар делік. Осы қондырғылардың ішінде түрлі-түрлі аудио не видео жазбалар бар. Ал ол әуенді біреу шығарды, видеоны біреу түсірді. Яғни, шығармашылық еңбектің жемісі. Ал кез-келген шығармашылық жұмыстың авторы, ал оның авторлық құқығы бар. Ол құқықты бұзбау үшін оған салық төленіуі қажет. Сонда, қолыңыздағы мобильді телефон ішіндегі әуен үшін салықты кім, қалай төлейді? Нұр-Сұлтандағы «Атамекен» палатасының бас кеңсесінде алқалы жиын өтіп, тараптар осы мәселенің шешу жолын қарастырды.

Сонымен, үкімет белгілеген меже бойынша, электронды қондырғыны елімізге алып келген кәсіпкерлер әр әкелінген телефон немесе басқа техниканың құнынан 0,35%-ға дейін салық төлеуі тиіс. Әділет министрлігінің өкілінің сөзінше, 0,35% соншалықты көп сома емес. Өйткені әлемдік практикада бұл салық бірлік тауардың 3 – 6 пайызына дейінгі аралықта жүреді. Көршіміз Ресейде бүтіндей 1 пайыз салық алынады екен.

Кәсіпкерлер бұл салықты төлеуге қарсы емес. Бірақ, жиналған қаржы расымен де түпкі автордың қалтасына барып түсе ме? Әлде, жарты жолда желініп кете ме? Міне, осы сұрақтарға күмәнмен қарайды.

«Авторлық құқық заңына сәйкес шетелден оргтехника тасушылар авторлық қоғамға кедендік құнынан 0,35 % және жабдықтың 1 бірлігін сату бағасынан 0,35% төлеуі қажет. Жақсы, төлейік. Бірақ, бізден ақша алатын авторлық қоғамның қызметі айқын ба? Төленген салық авторларға жете бермейтінін анықтадық. Авторлық қоғамдар сыйақы алушыны шарқ ұрып іздей бермейді», – дейді  «Атамкен» палатасының өкілі Шыңғыс Темір.

Ал Әділет министрілігі өкілі Гүлнәр Кәукеннің  айтуынша, авторлық қоғамдар әкімшілік шығындарына жиналған барлық сыйақының 30 пайызына дейін ғана жұмсай алады. Ал сыйақы автор талап еткенше   ұйымның шотында шеткі мезгілсіз жатуы тиіс. Және авторлық алым жинайтын ұйымдар бұл қаражатты пайдалана алмайды.

Кейбір кәсіпкерлер «болванканың» маңызы мен қажеттілігін түсінеміз, бірақ, салықты авторлар қоғамына емес, тікелей мемлекетке төлейік деген ұстанымда.  Олар ақша жинайтын ұйымды таңдау механизміне сенімсіздікпен қарайды. Үкімет,  «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және импорт тасушы салалық кәсіпкерлер «болванка» салығында күмәнді тұстар болмас үшін алдағы уақытта да бас қосып, пікір алысып, кәсіпкерлерге барынша тиімді, салық саясатын ашық әрі түсінікті жолға түсіретін амалдарды қарастыратын болады. Бір айта кетерлігі,  «Атамекен» ҰКП мен Сыбайлас жомқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін 2020 жылдың 27 ақпанында қол алысып, авторлық сыйақыны жинау практикасына талдау жүргізуге уағдаласқан болатын. Елдегі салық саясатын, салықтың салалық бағыттарын барынша түсінікті және ашық жасау кәсіпкерліктің дамуына, орта және шағын бизнестің ілгерлеуіне оң ықпалын тигізері айтпаса да түсінікті болса керек.

Байланысты жаналықтар

Қандай көліктерге сән-салтанат салығы салынатыны белгілі болды

24.06.2024

Қаржы министрі: Қазақстандық блогерлер мемлекеттен түскен табысын жасырып жүр

05.06.2024

«Scat» әуе компаниясы жалға алған аңшылық алқап мемлекетке қайтарылды

13.03.2024

Шымкент тұрғыны жалған шот-фактура жазып берген

11.03.2024

Салық органының қызметкері тұрғындарға микро-несие рәсімдеп, өзінің шотына аударып отырған

11.03.2024

3 ай қатарынан 100 аударым сомасы 255 мыңнан асса, кәсіпкерден жауап алынады – Қаржы министрлігі

07.03.2024
MalimBlocks
Қандай көліктерге сән-салтанат салығы салынатыны белгілі болды

Сәнді автокөліктерге ие қазақстандықтардың саны қанша?

Қаржы министрі: Қазақстандық блогерлер мемлекеттен түскен табысын жасырып жүр

Елдегі блогерлердің кірісі мен шығысындағы айырмашылық миллиардтаған теңгеге жетті

«Scat» әуе компаниясы жалға алған аңшылық алқап мемлекетке қайтарылды

Авиакомпания жер учаскесін пайдаланғаны үшін бюджетке салық төлемеген.

Шымкент тұрғыны жалған шот-фактура жазып берген

Осылайша мемлекеттік бюджетке 443 млн теңге салық түспеген.

Салық органының қызметкері тұрғындарға микро-несие рәсімдеп, өзінің шотына аударып отырған

3 ай қатарынан 100 аударым сомасы 255 мыңнан асса, кәсіпкерден жауап алынады – Қаржы министрлігі