Цой айтпаған цифрлар шошытады

Елнұр Бақытқызы

  • 17.07.2020

Сонымен, денсаулық сақтау министрлігі тамыздан бастап ПТР нәтижесі теріс, бірақ коронавирус белгісі бар пневмония мен коронавирус статистикасын қосып есептемек. Министр Цой нақты қай кезеңнен бастап тіркелген пневмония коронавирустың жалпы статистикасына қосылатынын ашып айтпады. Бірақ министр де, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймағы бойынша бюросының төтенше жағдайлар бойынша аймақтық директоры Дорит Ницман пневмониян бірге қосып есептегенде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар мен қайтыс болғандар статистикасы күрт өсетінін ескертті.

Министр Цой онлайн брифингіде журналистерге ешқандай сұрақ қойдырмады. Дегенмен министр келтірген сандарға қарап, Қазақстанда шілде айында қанша адам пневмонияға шалдығып, қайтыс болғанын өз бетімізше есептеп шықтық.

Министр Цой жыл басынан 15 шілдеге дейін 234 187 адам вирусты және бактериалды пневмонияға шалдыққанын мәлімдеді. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3-3,5 есе көп.

Енді мынаны қараңыз, министр Цой 11 шілде күнгі үкіметтің кеңейтілген отырысында 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығында, яғни қаңтар мен 30 маусым аралығында 98 546 адам пневмонияға шалдыққанын айтты. 1-15 шілде аралығында пневмонияға қанша адамның шалдыққанын есептеу үшін 15 шілдеге дейін тіркелген пневмония санын бірінші жарты жылдықта тіркелген пневмония санынан алу керек. 234 187-98 546=135 641. Демек, шілденің 1 мен 15 аралығында 135 641 адам (!) пневмонияға шалдыққан.

Енді пневмониядан қайтыс болғандардың статистикасына тоқталайық. Министр Цой 11 шілде күнгі үкіметтің кеңейтілген отырысында алғашқы жарты жылдықта 1772 адам пневмониядан қайтыс болғанын айтты. Ал бүгін өткен брифингіде Цой мырза бактериалды және вирусты пневмониядан жыл басынан 15 шілдеге дейін 3327 адам қайтыс болғанын мәлімдеді. Яғни шілденің 1-інен 15-іне дейін пневмониядан 1555 адам (3327-1772) қайтыс болған. Бұл күніне орташа есеппен пневмониядан 100 адам қайтыс болып жатыр деген сөз. Яғни осы деректің өзі індет шілде айында ерекше өршігенін көрсетеді.

14 шілде күнгі денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, коронавирустан 396 адам қайтыс болған. Әзірге пневмония қосылмаған ресми статистикаға сәйкес, елімізде 66895 адамнан коронавирус анықталды, оның 40256-сы  аурудан айықты.

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

22.09.2024

Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

27.08.2024

Алматылық қариялардың 30 пайызы короновирус жұқтырған

23.08.2024

ДСМ: Қазақстанда маймыл шешегі тіркелмеді

18.08.2024

Коронавирус қаупі. Маска тағу міндеттеле ме?

16.08.2024

Олимпиадада жүлде алған 3 спортшы мен 2 бапкерден коронавирус анықталды

15.08.2024
MalimBlocks
Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

Роспотребнадзор XEC COVID-19 штаммының тез таралып жатқанын хабарлады

Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

Ол Тәуелсіздік күніне арналған шараларға қатыспайды

Алматылық қариялардың 30 пайызы короновирус жұқтырған

7 күнде 4 КВИ жағдайы тіркелген

ДСМ: Қазақстанда маймыл шешегі тіркелмеді

Дегенмен қауіпті елдерге баратындарға сақтық жолдарын ұсынды

Коронавирус қаупі. Маска тағу міндеттеле ме?

Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар қамтылған

Олимпиадада жүлде алған 3 спортшы мен 2 бапкерден коронавирус анықталды

Президенттің Париж Олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі кейінге қалдырылды.