Цойдың жағымсыз сценарийі: үш айда 370 мың адам вирус жұқтырады
Денсаулық сақтау министрлігі елде жаңа штамдардың анықталғанына байланысты алдағы үш айға ұсынған эпидемиологиялық ахуалдың болжамын жаңартты. Жағымды сценарий бойынша, үш айда 140 мың адам инфекция жұқтыруы мүмкін, ал жағымсыз сценарий бойынша, вирус 370 мың адамнан анықталуы ықтимал.
Бүгін Ақордада коронавирус инфекциясына қарсы тұру шаралары жөніндегі жиында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алдағы үш айда эпидемиологиялық ахуалдың қалай өрбуі ықтимал екенін көрсететін сценарийлерді ұсынды.
"Ел аумағында мутацияға ұшыраған штамдардың анықталғанына байланысты эпидемиологиялық ахуалдың болжамын жаңарттық. Жағымсыз сценарий бойынша, сәуір-маусым аралығында вирус 370 мың адамнан анықталады, ал ауруханаға 190 мың адам ауруханаға жатқызылады деп болжаймыз.
Реалистік сценарий бойынша, сәуір-маусымда 250 мың адамнан вирус жұқтырып, 127 мың адам ауруханаға жатқызылады деп болжаймыз.
Жағымды сценарий бойынша, сәуір-маусымда 140 мың адамнан вирус анықталып, 71 мың адам ауруханаға жатқызылады", - деді Алексей Цой.
Бұған дейін Цой сәуір айында вирусты күніне 500-ден 1600 адамға дейін жұқтыруы мүмкін деп болжаған.
Алексей Цой денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық ахуалды бақылап, соған сай медициналық мекемелердің дайындығын күшейту шаралары қабылданып жатқанын мәлімдеді.
Осы жиында Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойды баяу вакцинация үшін сынға алып, ескерту жасады.