ДенСауМин шенеуніктеріне қол көтерген аналар жазаланды

Malim Админ

  • 24.07.2021

Денсаулық сақтау министрлігіне барып, вакцинацияға наразылық танытып, шенеуніктерге қол көтерген көпбалалы аналар жазаланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті хабарлады.

"Заңға қайшы әрекеттері мен бұзақылық үшін 6 әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 25 айлық есептік көрсеткіш (әрқайсысына 72 925 теңге) көлемінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Оқиға 19 шілде күні болған.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті таратқан хабарламада сол күні "бір топ ашулы әйел өткізу ережелеріне қайшы министрліктер үйіне баса-көктеп кірмек болды, полиция қызметкерлеріне тіл тигізіп, оларды соққылап, күзетшілер мен денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлеріне су шашқаны" айтылады.

"Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты қызметкерлері диалог құруға, мәселелерді түсінуге және олардың шешімін табуға тырысқанда, әйелдер оларға балағат сөз айтып, беттерінен соғып жіберген, киімдерін тартып жұлқылаған", - делінген хабарламада.

19 шілде күні вакцинаға қарсы бір топ әйел астанада наразылық шарасын өткізіп, соңыра денсаулық сақтау министрлігіне барып, вакцинацияға қарсы екенін білдірген. Наразылардың алдына шыққан денаулық сақтау министрінің орынбасарлары Жандос Бүркітбаев, Ажар Ғиният пен бас санитар дәрігердің ресми өкілі Ержан Байтанаев оларды ішке кіріп, сөйлесуге шақырған. Алайда әйелдер оларға құрақ аспай, 12 жастан асқан балаларға вакцина салмауды талап етіп, шу шығарған. Шенеуніктер наразылармен сөйлесіп, диалог орнатуға тырысқанымен, олардың әрекетінен түк шықпады.

 Әлеуметтік желіде таралған видеода ресми өкіл Ержан Байтанаевтың наразыларға Қазақстанда 12 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы екпе салынбайтынын айтып түсіндірмек болғаны, бірақ әйелдердің оны бас салып,  ұрып-соғып, балағат сөздер айтқаны байқалады (Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова 16 шілде күні министрлік 12 жастан балаларға ата-анасы немесе ресми қамқоршылардың рұқсатымен Pfizer вакцинасын салу мүмкіндігін қарастырып жатқанын, алдын ала келісім бойынша, бұл вакцина 2021 жылдың 4-тоқсанында келуі керектігін мәлімдеген).

 Тағы бір видеода әйелдердің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Жандос Бүркітбаевқа қол көтергені байқалады.

Бас санитар дәрігердің ресми өкілі Ержан Байтанаев Facebook-тегі парақшасында бұл оқиғаны "арсыздық және агрессия" деп сипаттап, шабуыл кезінде министрліктің қоғамдық қабылдау бөліміндегі мүмкіндігі шектеулі әйел қызметкердің зарап шеккенін жазған. Байтанаевтың айтуынша, әйелдер мүмкіндігі шектеулі әйел қызметкерге күш қолданып, қорлаған.

Оқи отырыңыз:  Цой министрлікке келген әйелдердің алдына неге шықпағанын түсіндірді

 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін