Еліміздің барлық мамандандырылған ХҚКО-ын тексеру басталды

Malim Админ

  • 14.03.2024

Қаржылық мониторинг агенттігі еліміздің барлық мамандандырылған ХҚКО-ын тексеруді бастады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Агенттік төрағасы Дмитрий Малаховтың тапсырмасы бойынша еліміздің барлық мамандандырылған ХҚКО-ында төлемдердің дұрыс жүргізілгенін тексеру мақсатында жүк көліктерін, автобустарды және басқа да көліктерді есепке қоюдың заңдылығын тексеру жүргізілуде. ҚМА бастамасымен алдын алу жұмыстары аясында Агенттік, Цифрлық даму министрлігі және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті», -  делінген хабарламада.

Тараптар жүк көліктері мен автобустарды есепке заңсыз қою оқиғасының жиілеп кету фактісін алдын алу шараларын талқылаған.

«Кездесу барысында бүгінгі таңда алаяқтар қолданған 4 негізгі схема анықталғаны айтылды», - деп жазды.

ҚМА төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов мұндай кездесулер алдағы уақытта заңға қайшы оқиғаның алдын алу бойынша бірлескен тетіктерін әзірлеу мақсатында өткізіліп жатқанын атап өтті.

«Қылмыстық жауапкершілік шаралары ғана мәселені шеше алмайды. Болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін барлық мүдделі тарапты тыңдау қажет. Біздің басты міндетіміз – алдын алу шараларын жүргізу», — деді Бижанов.

Сондай-ақ, Цифрландыру вице-министрі Асқар Жанбакин ақпараттық жүйелердің толық интеграциясы жүргізілгенін хабарлады, бұл VIN енгізу кезінде авто туралы барлық деректі автоматты түрде ақпараттық жүйеден тартуға және төленуге жататын алымдар мен төлемдерді есептеуге мүмкіндік береді. Жүйені жаңарту ХҚКО қызметкерлерінің автокөлік туралы деректерді «қолмен» енгізудің жолын кеседі.

Айта кетейік, 2023 жылдың тамыз айынан бастап Қаржылық мониторинг агенттігі 23 қылмыстық істі тіркеді, аталған іс бойынша 3 мыңға жуық автокөлік өткен. Мемлекетке келтірілген залал 14 млрд теңгеден асты.

 

Фото: ашық дереккөзден

Байланысты жаналықтар

Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады

01.04.2025

Өткен жылы қазақстандықтар қанша көлік сатып алғаны айтылды

17.02.2025

Көліктердің заңсыз импорты бюджетке 71 млрд теңге шығын келтірген

20.01.2025

Паспорт пен жеке куәлік енді терминалмен берілуі мүмкін

17.01.2025

ХҚКО сенімгерлік басқаруға беріле ме?

29.10.2024

Шымкентте жұртты 179 млн теңгеге алдап соққан ХҚКО маманы сотталды

29.09.2024
MalimBlocks
Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады

Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтің бірі – жеке куәлікті ауыстыру, сәуірдің аяғына дейін онлайн-форматқа ауыстырылады​​​​​​​

Өткен жылы қазақстандықтар қанша көлік сатып алғаны айтылды

Көліктердің заңсыз импорты бюджетке 71 млрд теңге шығын келтірген

Паспорт пен жеке куәлік енді терминалмен берілуі мүмкін

Құжат жобасы жария талқыға ұсынылды

ХҚКО сенімгерлік басқаруға беріле ме?

Енді кәсіпкерлер серіктестікке өтінім беріп, жекеменшік қызмет көрсету орталықтарын аша алады

Шымкентте жұртты 179 млн теңгеге алдап соққан ХҚКО маманы сотталды

Ол елді жер телімі мен пәтер алып беретін болып алдаған