Еңбеккерлер құқығын қорғайтын меморандум

Malim Админ

  • 04.02.2020

«Nur Otan» халықтық демократиялық партиясы мен Кәсіподақтар федерациясы арасында меморандумға қол қойылды. Енді қос тарап өзара ынтымақтастық арқылы бірігіп, қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық мүделері мен еңбек құқықтарын қорғамақ. Бұл туралы malim.kz сайты хабарлайды.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен бас қосуда «Nur Otan» халықтық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан БАЙБЕК саяси ұйым мен Кәсіподақтар федерациясының ортақ мақсат мүделері барын айтты. Ол, әрине, бірінші кезекте бұқараның жай-күйі.

«Біздің партиямыз үнемі Қазақстан азаматтарының еңбек құқықтарын қорғап келеді. 2019 жылы партияға 217 мыңнан аса арыз-шағым түскен. Соның ұш мыңнан астамы айлықты дер уақытында берілмеуі, еңбек шартының бұзылуына байланысты болды. Демек, еңбек құқықтарына байланысты проблемалар әлі де күн тәртібінде тұр», - деді Бауыржан Байбек.

Партия жетекшісінің сөзінің жаны бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан НҰРЫМБЕТОВ 2019 жылы тоғыз еңбек дауы болғанын мәлімдеген.

«Тоғыз еңбек дауының жетеуі батыс облыстардағы мұнайгаз өндірісінде болған еді. Негізші себеп отандық және шетелдік жұмысшылардың еңбекақысаны байланысты орын алды», - деп еді министр мырза.

Осы оқиғалардан кейін еңбек инспекциясы прокуратура қызметкерлерімен тоқсан бес кәсіпорынды тексеріп, 930 еңбек шарттарының бұзылғнын анықтаған.

Осындай олқылықтардың алдын алу үшін енді билік партиясы мен Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы жұмылмақ.

«Партиямыздың төрағасы, Ұлт лидері Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ «Nur Otan бұқара халықтың, дәрігелер, ұстаздар мен кәсіпорындардан адал еңбек етіп жатқан жандардың құқығын қорға керек» деп баса айтқан. Яғни Елбасы міндеттемесіне орай заңнамалардың орындалуы үшін Қазақстандағы ең ірі кәсіподақтар ұйымымен (Кәсіподақтар федерациясы)  одан әрі бірлесе шаруаларды атқаруға сөз уағдаластық», - деді партия тқрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Жалпы республика бойынша еңбе етіп жүрген азаматтардың 9 миллионнан асады екен. Соның екі миллионнан астамы Қазақстан Кәсіподақтары Федерациясының мүшелері болып табылады. Жарты миллионан астамы болса «Nur Otan» халықтық демократиялық партиясының қатарында. Яғни екі жақтың бірлесіп істей заңды әрі нәтижелі болары хақ.

Жиында сөз алған Қазақстан Кәсіподақтары Федерациясының төрағасы Ералы ТОҒЖАНОВ екіжақты мемарандумға қол жеткізу үлкен істердің бастау деп атап өтті.

«Nur Otan партиясы сөздің емес істің партиясы. Халықтың басым көпшілігі сенетін, Қазақстандағы ірі саяси ұйыммен мемарандумға қол қойып отырмыз. Партия төрағасы қашанда еңбекшілерге байланысты айтады. Нақты ұсыныстарды үкіметке тапсырады. Партиямен көптеген мәселерде ойымыз бен ұстанымымыз бір. Біздің де көтерген мәселер осы партияның алаңында қолдау тауып, іске асты. Мәселен педагогтар мәртебесіне қатысты қаншама талқылаулар өткізген болатынбыз», - деді Ералы Тоғжанов.

Үкіметтің ресми мәліметіне сүйенсек орта және ірі кәсіпорындарында ұжымдық келісімшарттардың сапасыздығы тексеру кезінде анықталады. Айтпақшы, «Nur Otan» халықтық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қаңтар айында Атырау облысына іссапармен барған еді. Сол кезде Мақат ауданындағы Доссор кентінде орналасқан «Доссормұнайгаз» кәсіпорын жұмысшыларымен кездескен болатын. Онда мұнайшылардың айлықтары мен халықты жұмысқа орналастыру мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, партия төрағасының орынбасары дәрігерлермен жүздескен. Бұл өңірде медициналық қызметкерлердің жетіспейтіні БАҚ-да аз айтылған жоқ. Сондықтан оларды батыс аймағына тарту және мәртебесіне қатысты жедел атқаратын шаруалар бар.

Нұротандықтардың қиыр аудандарға баруы осы партия атынан президент болып сайланған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ «еститін үкімет болу керек» деген тапсырмасын жүзеге асырудың бір көрінісі десе де болады.

Екіжақты мемарандумға орай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілілмек. Ол әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселердің алдын алу үшін, ал туындаған проблемаларды тез арад шешу үшін керек. Жұмыстың жүйелі түрде жүру үшін ортақ «Жол картасы» бағдарламасы дайындалатын болады.

Бақытжан Берікұлы

Фото: fprk.kz

Байланысты жаналықтар

Ақтөбе облысының әкімі «Елбасына» 104 млн теңге жұмсамақ

23.08.2023

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

30.01.2023

Мақтау жарысының жеңімпаздары неге үнсіз?!

20.01.2022

Ажырасу. Мыңбай не сұрады, Тоғжанов не деді?

15.11.2021

Мамай Байбек туралы кезекті фильмін шығарды

04.06.2021

Миллиардтардың дауы: Трамплин қарызын кім қайтарады?

20.05.2021
MalimBlocks
Ақтөбе облысының әкімі «Елбасына» 104 млн теңге жұмсамақ

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов 104 млн теңгеге «Елбасы медалін» шығармақ.

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

Сонымен сайлауға үміткерді тіркеу басталып кетті! Ал мен күткен қандастар үнсіз («Республика» партиясының жетекшісінің бірі Сырымбет Тауды есепке алмаймын).

Мақтау жарысының жеңімпаздары неге үнсіз?!

Елге кітаптары мен мақалаларында жазылған «даналық сөздерін» айтпай ма?!  Жоқ, әлде  Мырзатай айтпақшы, «Баянды бақыт уақытының» келмеске кеткеніне  өкініп жатыр ма?! 

Ажырасу. Мыңбай не сұрады, Тоғжанов не деді?

Мамай Байбек туралы кезекті фильмін шығарды

Миллиардтардың дауы: Трамплин қарызын кім қайтарады?