Есірткі ерге де, елге де қауіпті
Адам ата заузаты жаратылғалы бері оның күре тамырынан жол алған Ібіліс бір тоқтамапты. Әлем жаратылғалы бірге жасап келе жатқан жамандықтың түп атасы осы лағынет атқыр Ібіліс саналады. Соның бір жамандығы адамзатқа нашақорлықты таңып бергені болып отыр. Осы күндері барша ақылды пенделердің бас қайғысы нашамен күрес болып тұр. Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегіне сәйкес, дүние жүзіндегі есірткіге ең құмар адамдар Америка Құрама Штаттарында тұрады екен. Бұл мемлекеттің 28,6 миллион адамы осы бір есірткіге тәуелді екен. Америка Құрама Штаттарында нашаның дозасын артық қабылдағанның кесірінен жылына 200 мың адам өледі екен. Қайтыс болғандардың жасы жиырма үшке де жетпейді екен.
Бұл ненің көрінісі? Адамзат өзіне өзі мәселе жасап, өзіне өзі жұмыс тауып отыр. Бәлкім, бұл біреулердің саяси ойыны шығар. Бәлкім біреулерге бұл «кәсіп» шығар. Бірақ сол кәсіптері қаншалаған жастың болашағын бұлыңғыр етіп, өміріне қиянат жасап, балта шауып отыр десеңізші.
Ад біздің елімізде есірткіге тәуелді 23,5 мың адам тіркеуде тұрған көрінеді. Қоғамдық ұйымдар есірткінің құрығына түскендердің саны жүз жиырма мыңнан асып жығылатынын алға тартып отыр. Соңғы жылдары нашаға тәуелді адамдардың үлесі 35%-ға азайыпты. Бірақ бұл дерек те көңіл көншітпейді. Себебі есірткімен айналысып, оның түр-түрін сатып, жасап жатқан адамдар туралы ақпараттар күн сайын шығады. Күн сайын әр өңірде бірнеше топ құрықталып жатады. Және олардың айналысатын нашаларының өзі әртүрлі. Бірі шөп күйінде сатса, бір дәрі, бірі порошок түрінде тамсымалдайды. Осындай ақпараттарға қарап отырып түңілесің. Жаның түршігеді. Осы қалпымен кете беретін болса, Америка Құрама Штаттарының жағдайы бізге де таяп тұрған жоқ па?..
Есірткі атаулы адам баласының ішкі құрылысына, жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесі, асқазан мен ішек жолдарына және тағы басқа ағзаларына өте үлкен көлемде зиянын тигізеді. Нашаны үздіксіз қолданудың соңы өліммен аяқталып жатады. Сондықтан да нашақорлық әлемдегі мәселелердің ең ауыры болып отыр. Нашақорлық тек азаматтарға ғана емес, мемлекет қауіпсіздігіне де біршама зиянын тигізеді. Себебі наша өндіріп, соны мемлекеттің пайдас ыретінде көретін дамымаған елдер шекараға әжептәуір қауіп әкеледі.
Бірнеше миллион адамды шырмауына түсіріп,өмірін ойран етіп жатқан кейбір есірткі түрлері адам ағзасына қалай әсер ететінін ғалымдар жылда дабыл қағып айтады. Бірақ оны ешкім тыңдап жатқан жоқ. Әсіресе, бұндай сөздерді нашақорлар қабылдамайды. Тыңдамайды, түсінбейді де. Себебі оларға бұндай ақпарат ауыр тиеді. Мәселен, британдық психиатр, нейропсихофармакология ғылымының профессоры Дэвид Натт өзінің зертеуші тобымен бірге есірткінің зиянын анықтап берді. Ашып айтты, түсіндірді.
Мысалы, героин психикалық, физикалық тәуелділікке түсіретін опиоидты есірткі түрі. Оны қолданғанда инъекция болып, есірткі қантамырлар жүйесі мен орталық жүйке жүйесіндегі гематоэнфаликалық кедергіні аттап өтіп миға тез сіңеді екен. Мида дофаминді жылдам өндіруге кірісіп кетеді. Ал бұл дофамин гормоны адамға 200% ләззат сыйлайды. Ғалымдар жануарларға герионды қолданып отрыпы, осындай шешімге келген. Яғни табиғи жолмен ләззат ала алмайтын адамдар осындайқадамдарға барады. Бұл адам табиғатына қайша нәрсе. Ал адам болмысын ақайшы дүние қашанда кері әсер береді. Героин ауруды бақылап, ләззат сезімін арттыру үшін мидағы табиғаттың өзі берген затты имитациялайлайды. Бұл есірткі жаратылыстан берілетін ми қызметіндегі бір жұмысты алмастыруға шамасы келеді екен. Глутаматтың (маңызды қоздырушы медиатор) өндірілуі арта түсетіндіктен адамдар нашаға байлану пайда болады. Былайша айтқанда толығымен тәуелді болады. Сондықтан оны үнемі іздеп тұрады. Кез келген нәрсенің шегінен шығуға болмайды. Одан шыққан кезде адам болмысына қайшы әрекеттерге бара бастайды. Біржола тәуелді болған адамның ауру сезімі, сіңірлердің түйілуі, ұйқысыздық, беймазалық күйі арта түсетіндіктен, героин арқылы ем іздеуге тырысады. Нағыз мазасыздық күй соңғы дозаны қабылдағаннан соң, 4-24 сағатта орын алады да, нашақордың бұл затқа қажеттілігі күрт арта түседі екен. Ағзаның героинға толеранттығы күшейіп, адам одан да көп дозаны қабылдағысы келіп тұрады. Героинды азық еткен нашақорлар көбінесе инфарктан, инсульттан көз жұмады екен. Себебі, есірткі ең бірінші жүрек-қан тамыр жүйесіне соққы береді. Өлімге алып келетін тағы бір себеп – орталық жүйке жүйесін әрдайым ынталандыруға итермелейтін артық дозаланы қабылдау Сарапшылар героинды тәуелділікке әкелетін есірткі ретінде ең жоғары балмен бағалайды. Адамды өзіне тәуелді етіп, уақыт өткен сайын оған да қанағаттандырмай, артық қабылдауға мәжбүр ететін есірткінің бұл түрінің қауіпі соншалқыты адамды өзіне тез баурайды. Адамның ең ілсыз тұсына соққы жасайды.
Тура осындай қауіпті есірткінің бірі – кокаин. Ол кока өсімдігінен (эритроксилуим) дайындалатын алкалоидқа жатады. Табиғатта эритроксилуим инсектицидтің (жәндік жоятын) рөлін орындайды және өсімдік жапырағы мен бұтақтарын түрлі құрт-құмырсқа мен шыбын-шіркейден қорғайды. Кокаин орталық жүйке жүйесін сұмдық ынталандырып, эйфория сезімін шақырады екен. Бұл да героинмен ұқсас. Жалпы нашалардың қай-қайсы да бір-біріне ұқсас келеді. Тек оларды өндіру жолдары әртүрлі. Олардың ең бірінші қызметі миға зақым тигізу. Мидағы қайтарым жүйесі белгіленген қағидалармен жұмыс жасайтындықтан нейромадиатор (бұл жағдайда дофамин) синапс деп аталатын нейрондардың аралық кеңістігіне түседі. Арнайы рецепторлар оның пайда болуы үшін арнайы дыбыс береді де, ықпалын тоқтату мақсатында нейромедиаторларды өшіріп тастайды екен. Бұл кокаин дефаминді қайта-қайта жұмыс істеуге иетермелеп, ләззат алуды одан сайын күшейте түседі. Адам содан уақытша ләззат алады. Өзін-өзі ұмытады. Оны ләззат деп айтуға да болмайтын шығар. Есінен адасады. Белгісіз бір үкйг етүседі десек, дәлірек болатын шығар. Бұл эйфория мәңгілік емес, есірткінің күші кеткенде қолданушының жаны жабырқап, құлазитын болады. Бұл құлазу адамды ауруға шалдықтырады. Депрессияға ұшыратады. Адам өзінен өзі шаршап, торығып, жабығатын болады. Не адамдармен тіл табыса алмайды. Себебі ондайға үйренбеген. Нашаны жеке қолданпы, өзімен өзі есі кететін адамдар қоғамнан да алыстап қалады. Мешеу күйге ұрынады.
Есірткінің жүрек қан тамыларына зияны айтарлықтай. Соның кесірінен тамырлап түйіліп, қан жүрмей, адамның денесі құрысып, миға қан төгіледі. Жүректің жұмысы бұзылғанжықтан, қан айналымы да өзгеріп, ағзаларға зияны тие бастайды. Осыны ңкесірнен адам өзіне өзі ұстай алмай, психикалық дертке шалдығады. Көзі алақ-жұлақ етіп, бір орында тұрмайтын болады.
Дәрігерлердің, жалпы ғалымдардың осындай зерттеулеріне, пікірлеріне қарамастан қазірге кезеңде есірткі қолану тыйылмай тұр. Біздің елімізде де бұл есірткі саудасы қызып тұр. Жастардың көбі осыған құмар болған.
Күні кеше Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жетісай аудандық полиция бөлімінің полицейлерімен бірге республикалық “Қарасора-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі егістігін анықтап, жойған болатын. Полицейлерге Жетісай ауданында жергілікті тұрғынның бірі өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егіп-өсірумен айналысады деген хабарлама түскен. Ақпарат алысымен Жетісай аудандық полиция бөлімінің полицейлері бірден ақпараттың шынайылығына көз жеткізу мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Жетісайлық полицейлердің жан-жақты тексеру жұмыстары нәтижесінде үйінің ауласының артқы жағында есірткі тектес сора өсімдігін өсірген жергілікті тұрғынды ұстаған. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары күдіктінің ауласынан айғақты зат ретінде сегіз жүз қырық түп өсіп тұрған есірткі затына ұқсас жасыл түсті, хош иісті өсімдікті тәркілеген болатын. Бұл тек қана өсіп тұрғаны. Оған қоса, Жетісай аудандық полиция бөлімінің полицейлері тұрғынның учаскесінен кептіріп жайып қойған тағы да екі жүз сексен тоғыз дана сіріңке қорабына салынған есірткі затына ұқсас жасыл түсті, хош иісті есірткі затының жапырақтары алынған. Жетісай аудандық полиция бөлімінде аталған жайт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған ірі мөлшердегі өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) тіркеліп, тергеп-тексеру әрекеттері басталған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында айғақты зат ретінде алынған есірткіге сараптама тағайындалған. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген түптердің 1 тоннадан астам “сора”, ал сіріңке қорабындағы есірткі затының “кептірілген марихуана” екені расталып отыр. Ал күдікті ер адам қамауға алынып, іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұндай адамдар өздері есірткі қолданбайтын болып шығады көбіне. Өйткені олар оның зиянын біледі. Бірақ сол арқылы өкп ақша табуға да болатынын біледі. Ол оңай ақша, арам ақша. Ондай ақшамен отбасын да асырауға болмайды.
Ал еліміздің батысында, Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қызылқоға аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп “Қарасора-2021” жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде Жас Қайрат ауылынан оңтүстік батысқа қарай шамамен он жеті шақырым жерде жыңғыл талдардың арасында жабайы есірткі тәріздес шөптер өсіп кеткен алқапты анықтаған. Полиция бөлімінің қызметкерлері Қызылқоға ауданы Ойыл аудандық округінің әкімдігімен және аудандық Агро-өнеркәсіп шаруашылығының инспекциясымен бірлесіп, есірткі қурайларын отап, өртеу арқылы толықтай көзін жойғаны хабарланды. Бірақ ол қылмысты істеп отырғандар анықталмаған. Елімізде осындай қылмыстар көп. «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы жыл сайын ұйымдастырылады. Жыл сайын көптеген алқаптар жойылады. Бірақ осылардың көбісінің иелері табылмай, анықталмай жатады. Бұл үлкен қылмыс. Ал елімізде осындай заты бар, бірақ кім істегені белгісіз қылмыстар көп.
Мысалы, соның бірі есірткіні насихаттайтын граффителер. Өткен айда осы граффитилердің өнермен байланысын, оның шекарасын жазған болатынбыз. Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, нашақорлықпен күресі алдын алу шараларын тұрақты жүргізіп келеді. Бұл іс-шара есірткіге қарсы иммунитетті арттыруға және қалыптастыруға және салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттауға бағытталған болатын. “Салауатты ұрпақ – дені сау ұлт” қоғамдық бастамасы аясында учаскелік полиция инспекторлары қалалық штабтың еріктілерімен бірге Орталық саябақта дәрі –дәрмектердің жарнамасы мен жазуларын жою бойынша профилактикалық рейд өткізген. Айта кету керек, осы жыл басынан бері Қарағанды қаласының әр түрлі аудандарында оннан астам осындай “жазулардың” мыңнан астам үлгісі кескіндеме арқылы жойылғанын хабарлады. Сонымен қатар 16 тамызда облыстық полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Жасыл ел” жастар жасағының арасында “Есірткінің жаңа түрлері, есірткіге тәуекелділік мәселесі” тақырыбында офлайн-семинар өткізген. Офлайн-семинарда жастарға есірткі қылмысымен күресу тұрғысынан қылмыстық заңнаманың жаңалықтары, есірткі бизнесімен айналысатын адамдарға қатысты құқықтық салдары туралы ақпарат берілген болатын. Бұндай ақпараттық, сауаттылық жұмыстары жүргізілгені жақсы. Сонымен қатар, осындай семинарларда жастарға жоғарыда айтылған есірткінің медицияналық жақтан зияны айтылсақұпа-құп болар еді.
Соңғы уақытта есірткі саудасы қалай күшейсе, оның күрес те жыл сайын дамып, күшейіп келеді. Салауатты ұрпақ өсіру – біздің парызымыз!