freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дастан Сәтпаевтың голы «Қайрат» – «Ақтөбе» матчының тағдырын шешті

Спорт
Дастан Сәтпаевтың голы «Қайрат» – «Ақтөбе» матчының тағдырын шешті
Фото: “Қайрат” ФК

Алматылық «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымындағы екінші турдың орталық матчында «Ақтөбені» жеңді, деп хабарлайды Malim.kz.

Кездесу Алматыда өтіп, алаң иелерінің пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. 76-минутқа дейін таблода есеп ашылған жоқ.

Матч тағдырын 64-минутта алаңға шыққан Дастан Сәтпаев шешті. 12 минуттан кейін ол Даниэль Сосаны доптан айырып алып, бұрынғы командаласы Александр Заруцкийді қапы қалдырды.

Айта кету керек, Заруцкий бұл кездесуде бірнеше рет өз командасын гол жіберіп алудан құтқарған еді.

Осылайша «Қайрат» алты ұпай жинап, Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы турнир кестесінде жеке-дара көш бастады.

Келесі турда алматылық клуб «Жетісу» командасымен кездеседі. Ойын 21 наурыз күні Алматыда өтеді.

Ал үш ұпайы бар «Ақтөбе» сол күні «Елімайды» қабылдайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу