freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Иран Орталық Азиядағы бір елге әскери ескерту жасады

Мәдениет
Иран Орталық Азиядағы бір елге әскери ескерту жасады
Фото: depositphotos.com

Иран «кейбір мекемелер мен елдерге» ескерту жасап, егер олар тәуелсіз спутниктік Iran International телеарнасымен ынтымақтастықты жалғастырса, онда осы хабар таратушымен байланысты нысандар мен инфрақұрылым Иран әскерінің ықтимал нысандарының тізіміне енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы телеарнаның өзі таратқан баспасөз хабарламасында айтылған, деп хабарлайды Malim.kz turkmen.news сайтына сілтеме жасап. 

Басылымның жазуынша, Iran International телеарнасы Ұлыбританиядан хабар таратады және Түрікменстанға тиесілі TürkmenÄlem 52E/MonacoSat спутнигін пайдаланады. Бұл спутникті аталған арнадан бөлек, ондаған теле және радиоканал қолданады.

Iran International Иранның мемлекеттік БАҚ-тарына сілтеме жасап, онда Иран қарулы күштерінің «Хатам әл-Анбия» әскери қолбасшылығының аты аталмаған өкілінің сөздері келтірілгенін хабарлады.

«Сионистік Iran International БАҚ-ы Иран халқына қарсы шиеленіс тудыру, жалған ақпарат пен қауесет тарату және психологиялық соғыс жүргізу мақсатында әрекет етеді. Бұл — АҚШ пен сионистік режимнің қылмыстық мақсаттарына қызмет етеді. Егер осы жиіркенішті және шайтандық БАҚ-ты қолдау жалғасса, онымен ынтымақтастық жасайтындар Иран Ислам Республикасының нысаналар тізіміне енгізіледі», — деп келтіреді «Хатам әл-Анбия» өкілінің сөзін Tasnim агенттігі.

Iran International баспасөз хабарламасында бұған дейін Түрікменстан мен Монакоға «тікелей ескертулер» жасалғаны айтылған. Бұл елдердің аумағында тәуелсіз телеарнаның хабарын тарататын спутниктер мен инфрақұрылым орналасқан.

Сонымен қатар Тегеран Румынияға да ескерту жасап, егер Бухарест АҚШ-қа өз аумағындағы әскери базаларды Иранға қарсы операциялар үшін пайдалануға рұқсат берсе, онда ол қақтығысқа қатысушы тарапқа айналатынын мәлімдеген.

11 наурызда Румыния парламенті Ұлттық қорғаныс жөніндегі жоғарғы кеңестің ел аумағына қосымша америкалық әскери бөлімшелер мен авиация орналастыру туралы ұсынысын мақұлдады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу