I тоқсанда қанша оқушы коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Олжас Қасым

  • 17.11.2020

Қашықтықтан оқу білім сапасына кері әсерін тигізді. Бұл туралы Білім және ғылым министрінің орынбасары Рүстем БИҒАРИ мәлімдеді, деп хабарлайды МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісі.

«Сабақтар бірсарынды өтіп жатыр дегенге келіспеймін. Мәселен телеарналардағы сабақтарды ең білікті деген мұғалімдер жүргізіп жатыр. Иә, қашықтықтан оқу білім сапасына кері әсерін тигізді. Бірақ бұл бізде ғана емес. Сарапшылар барлық әлемде білім сапасының төмендегенін айтып жатыр», - деді вице-министр Рүстем Биғари.

Орталық коммуникациялар қызметіне келген Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы бірінші тоқсанда қанша оқушы, қанша мұғалімнің коронавирусқа шалдыққанын айтты.

«Бірінші тоқсанда 302 оқушы коронавирусқа шалдықты. 456 бала емделіп жатыр. 241 мұғалім вирусты жұқтырған. Әзірге мұғалімдердің қашан, қандай жаңдайда COVID-19 шалдыққаны анықталған жоқ. Бәрі зерттеліп жатыр», - деді Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА.

Сондай-ақ білім министрлігі оқу жылының басынан бері 600 мыңнан аса компьютер оқушыларға берілгенін айтты. Әлеуметтік желіде онлайн оқытқандықтан мұғалімдер айлығын қысқартып жатыр деген әңгіменінің негізсіз екені де айтылды.

Фото ғаламтордан алынды. 

MalimBlocks