457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ильиннің рекорды бұзылды

Қарағанды облысының тумасы, ауыр атлет Артем Антропов жұлқа көтеру бойынша Қазақстанда жаңа рекорд орнатты, - деп хабарлады Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Қазақстан чемпионатында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Антропов 216 келіні көтерді. Нәтижесінде ол 373 (157+216) келі жинап, алтын алды.

Жұлқа көтеру бойынша бұрынғы рекорд Илья Ильинге тиесілі болған.

Бұл салмақта 305 (135+170) келі нәтижесімен Рахат Бекболат (Қызылорда облысы) екінші орын алды. Ал үшінші 257 (115+142) келімен Алексей Литвченко (Қарағанды облысы) болды.