Кейіпкер: екінші сыныптың екі оқушысы; оператор: ересек оқушылар - бір сексуалдық әрекеттің тарихы
Екі оқушы бір-біріне сексуалдық сипаттағы әреткет жасаған. Ал жоғарғы сыныптың оқушысы оны видеоға түсіріп алған.
Ақмола облысы Аршалы ауданына қарасты (Астананың іргендегі ауыл) Жібек жолы ауылының мектебінде жоғары сынып оқушылары өзінен кіші екі оқушыға зорлық көрсетті деген айыппен күдікке ілінген.
Кейінгі кезде мектептегі сорлық-зомбылық көбейіп кетті. Тіпті аптасына болмаса да айында осындай жантүршіктірелтік ақпаратты көзіміз шалып қалатын болды. Әзірге жыл сайын мұндай оқиғаның қаншасы тіркелетіні жайлы дерек жоқ, тіпті оны зерттейін арнайы орын да жоқтың қасы. Мұндай жаңалықтардың көп болғаны да жақсы емес, айтуға да, жазуға да ауыр, әйткенмен қоғамдағы мұндай мерезді жасырып қалғанымызбен ол жоғалып кетпейді.
«Оқиға туралы видео әуелі әлеуметтік желі арқылы таралған. Егер желіге шықпаса бұл жағдайды ешкім білмей, оқиға жабулы күйі қалып қоятын еді» дейді ауыл тұрғыны (есімін атамауды өтінді).
«9 мамырда полиция бөліміне WhatsApp мессенджері арқылы 2012 жылы туған кәмелеттік жасқа толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы видео таралып жатқаны туралы ақпарат түсті», – дейді Ақмола полиция басқармасы.
Құқық қорғау орының айтуынша, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі (Кәмелетке толмаған балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатыр, сотқа дейінгі медициналық сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатқанын айтады.
«Кәмелетке толмағандардан жауап алу – педагогтар, психологтар және адвокаттың қатысуымен жүргізіледі. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды», – дейді құқық қорғау орыны.
Қазір зорлық-зомбылық анықталған ауданның білім бөлімінде аталған іске байланысты қызметтік тексеру жүргізіліліп жатыр.
Бұдан кейін оқиға болған мектептің директорына хабарласып, мән-жайды сұрап көрдік. Мектеп директоры Маржан Болатқызының айтуынша, оқиға 7 мамыр мереке күні орын алған.
«Оқиға мектепте болған жоқ. Ол күні демалыс күні болатын. Бір сөзбен айтқанда, ата-ананың қарауынсыз қалған балалар. Олар екінші сынып оқушылары. Екеуі де ер бала. Екеуі үнемі бірге жүретін, «дос» балалар екен... Отбасының әлеуметтік жағдайы төмен, ата-аналарының да тәрбиесі айтарлықтай емес. Біреуінің анасы ішімдікке салғанған, жүріс алған әйел. Сондай тәрбиесі нашар отбасында тәрбиеленген балалар. Жалпы бұған дейін де ол балалардың атына шағым түскен. Ал оларды түсірген жоғарғы сыныптың оқушыларына жақсы мінездеме бере алмамын, бірақ оларды не үшін видеоға түсіріп алғанын білмеймін. Екі оқушы бір-біріне сексуалдық сипаттағы әреткет жасаған. Ал жоғарғы сыныптың оқушысы оны видеоға түсіріп алған. Оны мәжбүрлеп түсірген дейді, мүмкін бұл жала шығар. Ол жағы әлі тексеріліп жатыр», – дейді Жібек жолы ауылындағы орыс мектебінің директоры.