457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Коронавирус Алматы облысына жетті

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Алматы облысында бір адамнан коронавирус табылған.

"1986 жылғы ер адам 17 наурызда Стамбул - Бішкек рейсімен Қырғызстанға ұшып барған. 18 наурыз күні көлікпен Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласына келген. Қазіргі кезде ол стационарлық карантинге жатқызылған. Жағдайы орташа", - деді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Министрлік бастапқыда коронавирус Талдықорғанда  табылды деп хабарлап, кейінірек оны "Алматы облысы" деп өзгертті.

Сонымен, 21 наурыз сағат 13:00-дегі жағдай бойынша, коронавирус жұқтырғандар саны 53-ке жетті.  Нұр-Сұлтан қаласында 28 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында – 2 адам және Алматы облысында 1 адам коронавирус жұқтырған.