Коронавирустан қырыққа жуық аяғы ауыр әйел көз жұмды

Жұмыс уақытында коронавирус жұқтырған және қайтыс болған медициналық қызметкерлерге өтемақы төлеу мәселесін Денсаулық сақтау министрлігі шешпейді. Бар-жоғы тізімді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне береді. Бұл туралы бүгін астанада өткен брифингте министр Алексей ЦОЙ айтты.
Министр және орынбасары брифингте жуырда жасанды тыныс алу аппаратының жетіспеушілігі жойылады деді. Қазақстанға 4 млн тонна дәрі-дәрмек жеткенін, алайда препараттың жетіспеу фактілерінің барын жасырмады. Сондай-ақ, 5 мың адамы бар елді мекендерге бір мобильдік медициналық бригада жұмыс жасайды екен.
Ведомствоның мәліметінше коронавирустан бала өлімі тіркелмеген. Пневманиямен мамыр айынан бері мыңнан аса бала ауырған. Қазір 100 бала емделіп жатыр.
Ересек адамдар арасында қазір 8 мыңға жуық қазақстандық ауырып жатса, пневманиядан қайтыс болған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу мәселесі әлі қарастырылып жатыр екен.
«Мендегі қолдағы мәлімет бойынша коронавирусты 123 медицина қызметкері жұмыс барысында жұқтырды. 53 әріптесіміз көз жұмды. Біз аймақтардан мәліметтерді алып тізімді Еңбек және халықты қорғау министріне жібереміз. Өтемақы мәселесін денсаулық сақтау министрлігі шешпейді», - деді министр Цой.
Вице-министр Ажар ҒИНИЯТ осы уақытқа дейін қырыққа жуық аяғы ауыр әйелдің көз жұмғанын айтты. Журналистер министрліктен ақпарат алудың қиындығын және баспасөз қызметімен байланыс орнатудағы проблемаларды айтып, Диас АХМЕТШӘРІПТІҢ қызметінен кетуі жайлы да сұрады.
«Министрліктің баспасөз қызметінде біраз адамдар ауырып қалды. Баспасөз хатшысының орны бос. Сіздердің тараптарыңыздан ұсыныстар қарастыруға әзірміз. Ақпараттың толыққанды бұқараға жетуі үшін министр бастап аптасына 3-4 рет брифинг өткізіп жатырмыз. Ал Диас Ахметшәріп мырзаға келетін болсақ, ол кісі министрлікке қарасты мекемеде еңбек еткен. Басшылығының айтуынша, өз еркімен арыз жазып кетіп қалған», - деді вице-министр Ажар Ғиният.
Соңғы мәлімет бойынша 610 адам коронавирустан қайтыс болған екен.
Фото: mk.ru
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?
Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.