Коронавирусты тұмаудан қалай ажыратуға болады?

Malim Админ

  • 23.06.2020

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде жұқпалы аурулар бойынша жетекші маман, профессор, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева коронавирус инфекциясын басқа аурудан қалай ажыратуға болатынын түсіндірді.

Динагүл Баешаваның айтуынша, коронавирустың ағзадағы инкубациялық кезеңі жалпы алғанда 14 күнге созылуы мүмкін. Алайда ауру белгілері әр адамның иммунитетіне байланысты 4-ші, 5-ші немесе 14-күні пайда болуы мүмкін.

Ауру белгілері пайда болғанда, инфекцияның алғашқы кезеңі басталады. Бұл уақытта ауру ағзаға тарай бастайды. Алғашқы кезең бес күнге дейін созылуы мүмкін.

"Коронавирустың клиникалық көрінісі жедел распираторлы-вирустық инфекциямен ұқсас келеді. Дене қызуы көтеріледі, жөтел пайда болады, буын сырқырайды, бас ауырады. Дегенмен коронавирустың өзіне тән қосалқы клиникалық көріністері бар. Коронавирус инфекциясын жұқтырған адамның мұрны иіс сезбей қалады, ауызға тамақ дәмі келмейді. Сонымен қатар коронавирустың басқа да клиникалық көріністері бар. Жөтел болса да, дене қызуы көтерілмеуі мүмкін", - дейді жетекші инфекционист дәрігер.

Сонымен қатар коронавирусты аллергиямен шатастырып жатқандар да бар. Коронавирус кезінде мұрын бітіп, әлсіздік, дене қызуы пайда болады.  Бұл - тек жұқпалы ауруларға тән белгілері.  "Аллергия кезінде мұрын бітіп, тыныс алу қиындауы мүмкін. Бірақ адам жалпы алғанда өзін жақсы сезінеді", - деді Д.Баешова. Оның үстіне әдетте адам өзінде қай кезеңде аллергия пайда болатынын біледі.

Дей тұрғанмен инкубациялық кезеңнен кейін коронавирустың ешқандай клиникалық көрінісі пайда болмауы мүмкін. "Симптомсыз немесе жеңіл түрмен ауыратындарда вирус симптомдары болмауы мүмкін. Бірақ коронавируске анықтайтын ПТР олардың бойында вирус бар екенін көрсетеді. Қазіргі кезде коронавирус анықталғандардың 80 пайызында ауру жеңіл түрде және симптомсыз өтеді. Олардың он бес пайызында ауру орташа, бес пайызында ауыр дәрежеде өтеді", - деді Д.Баешова.

Жетекші инфекионист дәрігердің айтуынша, коронавирус анықталса, одан шошымау керек. "Коронавирус тұмау тәрізді тарап кетті. Одан қорықпау керек. Ауру анықталса, басқа адамдармен қарым-қатынасты тоқтатып, оқшаулану керек. Үйде басқа адамдар тұратын болса, науқастың бөлек бөлмесі болуы тиіс. Үйдегі барлық жерді жуып тазалап отыру керек. Әжетхана ортақ болса, оны жиі желдетіп отыру қажет", - деді жетекші инфекционист.

Д.Баешова үйдегі температураны белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін кондиционер қосудың қажеті жоқ, ол ауруды одан бетер асқындыруы мүмкін екенін ескертті. "Одан да үйді күніне екі рет, отыз минуттан желдетіп отырған жөн".

Жетекші инфекционист дәрігер ауру белгілері пайда болса, үйде отырып, жақсы тамақтанып, күш жинау керектігін айтады. "Үш күн температура болуы мүмкін. Ол сіздің ағзаңыз вируспен күресіп жатыр деген сөз. Ауруды асқындырып алмау үшін басқа жаққа бармай, үйде отырып күш жинау керек".

Д.Баешова ентікпе, шаршау, дене қызуының көтерілуі сияқты ауру симптомдары пайда болса, емханаға бармай, жедел жәрдемге хабарласу керек дейді. Немесе өзіңіз тіркелген емханадағы дәрігерге хабарласып, кеңес сұраған жөн.

Онлайн брифингіге қатысқан бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирус 28 856 адамнан анықталғанын, оның 18 231 адамда ауру симптом бар, 10 625 адамда симптом жоқ екенін мәлімдеді. Соңғы аптамен салыстырғанда ауру жұқтырғандар саны 1,4 есе өскен. "Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында ауырғандар саны екі еседен алты есеге дейін өсті. Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облысында 20-50 пайызға дейін өсті", - дейді А.Есмағамбетова.

Аурудың өршуінің негізгі себебі адамдар бір-бірімен байланыста болғанынан дейді бас санитар дәрігер. "Соңғы аптада ауру жұқтырғандардың 37 пайызы байланыста болғандардың арасынан, 38 пайызы профилактикалық тексеру кезінде анықталды. 25 пайызы жедел распитарлы-вирустық инфекциямен ауырып жатқандардың арасынан анықталды".

Фото: almaty.tv

Байланысты жаналықтар

Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

22.09.2024

COVID-19 вирусының неден тарағаны анықталды

20.09.2024

Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

27.08.2024

Алматылық қариялардың 30 пайызы короновирус жұқтырған

23.08.2024

Коронавирус қаупі. Маска тағу міндеттеле ме?

16.08.2024

Олимпиадада жүлде алған 3 спортшы мен 2 бапкерден коронавирус анықталды

15.08.2024
MalimBlocks
Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

Роспотребнадзор XEC COVID-19 штаммының тез таралып жатқанын хабарлады

COVID-19 вирусының неден тарағаны анықталды

АҚШ, Ұлыбритания, Франция және басқа елдердің ғалымдары COVID-19 вирусының неден тарағанына қатысты зерттеу жүргізген

Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

Ол Тәуелсіздік күніне арналған шараларға қатыспайды

Алматылық қариялардың 30 пайызы короновирус жұқтырған

7 күнде 4 КВИ жағдайы тіркелген

Коронавирус қаупі. Маска тағу міндеттеле ме?

Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар қамтылған

Олимпиадада жүлде алған 3 спортшы мен 2 бапкерден коронавирус анықталды

Президенттің Париж Олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі кейінге қалдырылды.