«LRT ісі» бойынша іздеуге жарияланған күдіктілер қайда жүр?

Malim Админ

  • 29.10.2021

«Astana LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан Түркия аумағында, ал астана әкімінің орынбасары болған Қанат Сұлтанбеков АҚШ-та жасырынуы мүмкін.

Қазақстан Түркияның құзыретті органдарына Арданды беру туралы сұрау жіберді. Бұл өтініштің негізінде Стамбул қаласының Бақыркей ауданының қылмыстық соты «Astana LRT» компаниясының экс-басшысын қамауға алу туралы қаулы шығарды.

  • Қазіргі уақыттаТүркия аумағында іздестірілушіні анықтау жəне ұстаубойынша іс-шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ Қанат Сұлтанбековтің Америка Құрама Штаттары аумағында анықталуына байланысты АҚШ Әділет министрлігінің атына оны ұстап беру туралы сұрау салу жіберілді. Сұрау салу америкалық тараптың қарауында жатыр, – деп мәлімдеді бас прокурор Ғазиз Нұрдәулетов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкерлері Талғат Ардан мен елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке халықаралық іздеу жарияланғаны жайлы хабарлаған болатын. Алайда Интерполдың ресми сайтында жарияланған іздестіріліп жатқан адамдардың арасында бұл екеуінің болмауы көптің талқысына қалды. Бас прокурор Ардан мен Сұлтанбековтың сайтта неге көрсетілмегенін былай деп түсіндірді:

  • Интерполдың жария сайтында көрсетілген мəліметтер ұйымның ішкі саясатына байланысты толық болып табылмайды, онда террористік қылмыстар, адам өлтірулер, қарақшылық шабуылдар жəне т. б. Үшін іздестірілетін адамдар туралы мəліметтерді ашық қолжетімділікте жариялауға баса назар аударылады.

Ал Ардан мен Сұлтанбеков жайлы ақпарат Интерполдың деректер базасында орналастырылған, ол Халықаралық қылмыстық полиция ұйымына қатысушы елдердің құқық қорғау органдарына арналған жəне тек солар ғана пайдаланады.

Тергеу барысында LRT жобасын іске асыру кезінде 5,8 млрд теңге ақша жымқырылғаны анықталды. Алайда Сұлтанбековтің жəне Арданның тікелей жымқырған үлестері әлі анықталмаған болып шықты.

  • Қаржылық мониторинг агенттігініңмəліметтерібойынша, аталғанадамдарданжəнеолардыңайналасынан, оныңішіндебасқаелдердеқандай да бірактивтеранықталмады. Активтердішетелгешығарунемесе ҚРаумағынантысқандай да бірмүліктің болу фактілері де анықталғанжоқ, – дейді Нұрдәулетов.

Десе де сот Сұлтанбековтіңатынатіркелгенқұны 3 млрд теңгеден асатын мүлікті пайдалануға тыйым салды. Әңгіме Алматы қаласында салынғантұрғынемесүй-жайы бар жеручаскесі мен пəтер жайында болып отыр.

Ал Арданның тыйым салынуға жəне тəркіленуге жататын мүлкі анықталмапты.

 

 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін