Маңғыстау облысының әкімі арандатушыларға ермеуге шақырды

"Тыныштықты бұзуға жол бермеуіміз керек",-дейді ол.

Malim Админ

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Астанаға арнайы келіп, жұмыс талап етіп, минингке шыққан жаңаөзендіктерге қатысты мәлімдеме жасады. Әкім халықты арандатушыларға ермеуді, сабыр сақтауға шақырды.  
" Қоғамдағы шиеленісті одан әрі ушықтыру заң мен құқықтық нормаларды бұзу бұл жағдайдың тұрақсыздануына әкеледі.  Мәселені шешпейді... 
... Баршаңызды ел тыныштығын бұзбауға шақырамын. Қазір әсіресе арандатушыларға еріп кетпей, олардың ел ішіне іріткі салып, тыныштықты бұзуына жол бермеуіміз керек.  Кәсіпорындарда тыныштық пен тұрақтылықтың болғаны бәріміз үшін тиімді" деді Ноғаев.  

Айта кетейік, кеше жаңаөзендік бір топ азамат тұрақты жұмыс беруді талап етіп Астанаға келген еді.  Сағат 22.00 шамасында Астана полициясы "кешеден бері рұқсатсыз митинг ұйымдастырған және белсене қатысқан" деп бір топ адам ұстап әкеткен. Жаңаөзендегі кәсіпорындардың жұмысшыларды оларды босатуды талап еткен соң, ереуілшілер бостандыққа шықты.

Байланысты жаналықтар

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

11.05.2025

Әкім орынбасары, кәсіпкер: шабуылға ұшыраған Берденов туралы не белгілі?

23.04.2025

«Қызғаныш». Жаңөзенде шетелге оқуға түскен жасөспірімді сыныптастары ұрып тастады

18.04.2025

Жаңаөзенде оқушылар сыныптасының жетістігіне қызғанып, оны соққыға жыққан

18.04.2025

Ұлының әрекеті үшін анасы сот алдында жауап берді

10.04.2025

Түркиядағы наразылықтарда 1900 адам ұсталды

27.03.2025
MalimBlocks
Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

Олар президенттікке үміткер Кароль Навроцкийдің есімін айтып ұрандатты

Әкім орынбасары, кәсіпкер: шабуылға ұшыраған Берденов туралы не белгілі?

Толығырақ Malim.kz материалында. 

«Қызғаныш». Жаңөзенде шетелге оқуға түскен жасөспірімді сыныптастары ұрып тастады

Жаңаөзенде оқушылар сыныптасының жетістігіне қызғанып, оны соққыға жыққан

Оқиға зардап шеккен оқушының үйінің маңында болған

Ұлының әрекеті үшін анасы сот алдында жауап берді

Жаңаөзен тұрғыны ұлының мектепке жарылғыш зат қойылғаны жөнінде жалған хабар бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Түркиядағы наразылықтарда 1900 адам ұсталды