Мәжілістің үш депутаты талап қойған жаңаөзендіктерді райынан қайтара алмады

Жұмыссыздарды полицияның күштік жасағы тұтқындап әкетті

Malim Админ

  • 11.04.2023

Астанада Энергетика министрлігінің алдында наразылық білдіріп тұрған маңғыстаулық жұмыссыздарды полицияның күштік жасағы тұтқындап әкетті. Жаңаөзеннен арнайы барып, мұнай компаниясынан жұмыс сұрағандармен Мәжілістің үш депутаты барып тілдесіп қайтқан. 

Алайда Ермұрат Бәпи, Ринат Зайытов, Мақсат Толықбай қанша тырысса да жаңаөзендіктерді райынан қайтара алмаған алмаған сыңайлы.  

Жаңаөзендегі «БерӘлі Маңғыстау Company» мекемесі «Өзенмұнайгаз» АҚ жариялаған биылғы тендерде жеңілген. Осыдан кейін негізгі табысынан қағылған серіктестік жүзден астам жұмысшысын жұмыстан қысқартуға мәжбүр болды. Ал жұмыссыз қалғандар өз сәуір айының басында «Өзенмұнайгаз» АҚ штатына жұмысқа алуды сұрап, талап қойған. «Кезби» ЖШС жұмыс ұсынылғанымен олар келісім бермеді. Арнайы келген жаңаөзендіктер мәселе  шешілмесе, Маңғыстауға кетпейтінін де айтқан еді. Бірақ олардың талабын ескерместен күштік құрылым өкілдері автобусқа салып алып кетті.  

«Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ еншілес компанияларының штатына жұмысшы алуға 2014 жылдан бері шектеу қойылған. Содан бері Маңғыстау облысындағы мұнай компанияларына тек жұмысшларды аутсорсинг арқылы ғана алады. Олардың арасында штаттық құрамға өткендер өте аз. Ал штатқа алынбаған жұмысшыларға әлеуметтік көмек, басқа да төлемдер берілмейді әрі шаттағылармен салыстырғанда еңбекақысы едәуір төмен. Бұл жағдай үнемі жұмысшылар арасында мәселе тудырып, наразылықтарға әкелетін жағдайлар жылда қайталанады.

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025

Талғар ауданында атыс болды

09.05.2025

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді

Талғар ауданында атыс болды

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд