Мектептегі былықты жасыру үшін 26 млн теңге пара берген

Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін 26 млн теңге көлемінде пара берген,- деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.  

Malim Админ

  • 13.07.2023

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы жемқорлық пен сыбайластықты тергеуді жалғастыруда. Білім беру саласындағы былықты мемлекеттік аудиторлар жасыруға көмектескен.  Мұндай жағдай бірнеше облыста тіркеліп отыр. Түркістан облысында мемлекеттік ревизор – облыстық Тексеру комиссиясының бас инспекторы парақорлықпен әшкереленді. Ол Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін 26 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Жетісу облысында да бюджет қаражаты «өлі жандардың» шоттарына ақша аудару және мектеп қызметкерлерінің жалақысын асыра есептеп, кейіннен оларды қолма-қол ақшаға айналдыру арқылы ұрланған.

Талдықорған қаласындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін мемлекеттік аудитор 500 мың теңге көлемінде пара алғаны әшкереленген. Қазіргі уақытта аудитор сотқа тартылған.

Қылмыстық іс Алматы облысында да тіркелген. Онда облыстық тексеру комиссиясы бөлімінің басшысы Қарасай ауданының білім бөлімінің бухгалтерінен аудиторлық тексерудің оң нәтижелері үшін 1 млн теңге сомасында пара алған. Бұл факті бойынша Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Байланысты жаналықтар

Түркістан халқының 90 пайызға жуығы газбен қамтылады

20.05.2025

Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

19.05.2025

«Ауыл – ел бесігі»: Түркістан облысының 142 елді мекенінде жұмыстар жүргізіледі

19.05.2025

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

19.05.2025

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

16.05.2025

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

06.05.2025
MalimBlocks
Түркістан халқының 90 пайызға жуығы газбен қамтылады

Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық көкжиегін кеңейту туралы талқылады

«Ауыл – ел бесігі»: Түркістан облысының 142 елді мекенінде жұмыстар жүргізіледі

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

«10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу» тапсырмасы аясында 22 595 жұмыс орны ашылды

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

Болашақта жоба кеңейтіліп, 308 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған