Н.Әлтаев А.Мырзахметов ісі бойынша күдікті деп қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таңертең бұрынғы депутат Нұржан Әлтаевқа қозғалған қылмыстық іске байланысты хабарлама таратты.

  • 08.06.2023

Осыдан екі ай бұрын «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов  «алаяқтық жасады», «кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген» деген күдікпен қамауға алынған. Іс барысында «Нұржан Әлтаев Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, кейіннен парламент мәжілісінің депутаты ретінде жүйелі түрде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтен аса ірі мөлшерде пара алған деген күдігіне ілінген» деп жазылған агенттіктің хабарламасында.

Тергеудің болжамынша, «заңға қайшы әрекет» 2018-2020 жылдары болған. Агенттік Әлтаев «Мырзахметовтің мүддесі үшін әрекет етті», «мемлекеттік тапсырыстарды алуына ықпал етіп, жалпы қамқоршылық көрсеткен болуы мүмкін» деп болжап отыр.

Ол жылдары Н. Әлтаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі,  Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты,  Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі, Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы басқармасының төрағасы қызметтерін атқарған.

Бірнеше жыл бұрын мәжілістен қуылған Нұржан Әлтаев кейінгі кезде «Ел тірегі» партиясын құруға әрекеттеніп, билікті жиі сынай бастаған. Соңғы парламент сайлауында өзін-өзі ұсынушы ретінде мәжіліске өтпеген Әлтаев сайлаудағы заңсыздықтар туралы айтқан «Халық парламентіне» мүше болған.

Бір күн бұрын оның ұсталғаны туралы ақпарат тарағанда кейбір белсенділер істен саяси астар іздеген.

Әзірге Н. Әлтаевтың адвокаты немесе жақындары ақпарат құралдарына пікір білдірген жоқ.

Байланысты жаналықтар

Антикор Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарды

21.09.2024

Мырзахметовтің ісі бойынша сот процесі басталды

22.01.2024

Абылай Мырзахметовтің қамау мерзімі 10 желтоқсанға дейін ұзартылды

27.11.2023

Ардагерлер «Ел тірегі» партиясын қолдамайды, митингісіне шықпайды

05.09.2021

Күдігі көп кеңес: Қырықпышақ оппозиция, Құлыбаев партиясы және сатқындық

17.03.2021
MalimBlocks
Антикор Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарды

Жыл басынан бері 195 млрд теңге қайтарылған

Мырзахметовтің ісі бойынша сот процесі басталды

“Атамекен” ұлтттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовтің ісіне қатысты сот отырысы басталды. Бұл істі қарап жатқан прокурор Бауыржан Шекенов сотты жабық режимде өткізуге өтініш берген.

Абылай Мырзахметовтің қамау мерзімі 10 желтоқсанға дейін ұзартылды

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-басшысы Абылай Мырзахметов 10 желтоқсанға дейін қамауда отырады. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметіне сүйенген жергілікті ақпарат құралдары жазды.

Ардагерлер «Ел тірегі» партиясын қолдамайды, митингісіне шықпайды

Күдігі көп кеңес: Қырықпышақ оппозиция, Құлыбаев партиясы және сатқындық