Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Malim Админ

  • 05.12.2023

-Назарбаев Университетінің мәртебесі заңмен реттелген. Назарбаев зияткерлік мектептерінің де. Сол себепті бұл заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз. Бірден айтайын, біздің міндет – осы университеттің әлеуетін сақтау. Бұл толыққанды зерттеу университеттерінің бірі. Қазіргі уақытта аталған университетке қатысты өте көп спекуляция жүріп жатыр. Шынымды айтайын, ел ішінде оқу ақысы жайлы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл өте мықты зерттеу университеті. Сол себепті мәртебе жағынан ештеңе өзгермейді, - деді Саясат  Нұрбек үкіметтің баспасөз орталығында.

Министр қазіргі уақытта заңға тиісті өзгерістер енгізілді дейді. Бірақ нақты қандай өзгерістер екенін ашып айтпады. Саясат Нұрбек оқу орнының қаржылық және зерттеу әлеуетін арттыру бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. 

-Оның керемет базасы, инфрақұрылымы бар. Түзету жұмыстары әлбетте, болады. Бірақ университеттің мәртебесін немесе бағытын өзгертуді жоспарлап отырған жоқпыз, - деді Саясат Нұрбек.

Байланысты жаналықтар

"Назарбаев Университетінің" президенті Үкімет жанындағы құрылымға мүше болды

29.03.2025

Дәретханада отырған қыздарды камераға түсірген Назарбаев университетінің студенті жазаланды

28.02.2025

73 миллиард: Назарбаев университетінде не болып жатыр?

24.02.2025

Қазақ қызы Трамптың инаугурациясына қатысады

17.01.2025

Бүгін қаңтар ҰБТ-сы басталды. Оған 167 мыңға жуық өтініш түскен

13.01.2025

Көктөбеде төбелескен шетелдік студенттер елден қуылады

08.01.2025
MalimBlocks
"Назарбаев Университетінің" президенті Үкімет жанындағы құрылымға мүше болды

"Назарбаев Университеті" президенті Ахмад Вакарға үкімет жанындағы құрылымнан лауазым беру туралы шешім қабылданды

Дәретханада отырған қыздарды камераға түсірген Назарбаев университетінің студенті жазаланды

73 миллиард: Назарбаев университетінде не болып жатыр?

Қазақ қызы Трамптың инаугурациясына қатысады

Бүгін қаңтар ҰБТ-сы басталды. Оған 167 мыңға жуық өтініш түскен

ҰБТ тапсырушылардың 76,7%-ы қазақ тілін таңдаған

Көктөбеде төбелескен шетелдік студенттер елден қуылады