Назарбаевтың жиені Транстелеком директорлар кеңесін басқарады
«Транстелеком» жаңа директорлар кеңесін сайлады. Оны Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев басқаратын болды.
KASE сайты: Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Транстелеком» АҚ 25 шілдеде директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын өткізіп, директорлар кеңесін жаңартқанын хабарлады деп жазды.
Директорлар кеңесінің жаңартылған құрамы: директорлар кеңесінің төрағасы болып Нұрәлі Рахатұлы Әлиев сайланып, тағайындалғаны көрсетілген. Сондай-ақ, Дмитрий Покупателев пен Эльдар Гумаров «Unit Telecom» ЖШС акционерінің өкілі ретінде директорлар кеңесінің мүшелері, Әнуар Ахметжанов акционердің өкілі ретінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болды. Ал Өтемұрат Берік Мұстайұлы, Вячеслав Аниховский және Ибраимов Қалымжан Уалханұлы – тәуелсіз директорлар.
Сондай-ақ Транстелеком компанияның 2022 жылға арналған жылдық қаржылық есебін бекітіп, жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдаған.