«Nur Otan» партиясының Түркістанға сапары

Malim Админ

  • 27.02.2020

Әдетте сарапшылар Қазақстандағы саяси партиялардың жұмысын сайлау алды науқандар алдында ғана көреміз деген сынды айтады. Бір мүдеге біріккен саяси ұйым қашанда кез-келген мәселенің шешімін қоғаммен бірге іздейді, табады.

«Nur Otan» халықтың демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан БАЙБЕК жаңадан түрленіп жатқан Түркістан облысына арнайы ат басын тіреді.Ол Созақ, Отырар, Жетісай аудандарына қарасты алыстағы ауыл халқымен жүздесті.

Бауыржан ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ қордаланған проблемалардың шешімін табуға ат салысып, «Nur Otan»  партиясы ол шаруалардың атқарылуын қадағалайтынын жеткізді. Партия басшысы ірге тасы сонау 1934 жылы қалған Арыс өзені жағасындағы Шәуілдір елді мекенінде болды. Бұл ауылда он мыңнан аса халық бар. Шәуілдірліктердің негізгі проблемасы өтен ғасырдың 70-80 жылдары салынған үйлерге қатысты. Жергілікті жұрт үйлердің инженерлік ифнрақұрылымының тозғанын айтып, «Nur Otan»  партиясына шағымданған. Сол үшін де партия басшыларының бірі Бауыржан Байбек келген-ді.

«Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Ауыл – ел бесігі» жобасы қолға алынып, ауылдарымыздың ажары ашылып келеді. Осы жоба аясында партия жүйелі жұмыстарды жоспарлап қойған. Отырар ауданына қарасты Шәуілдір халқымен жүздестім. Ауылда 300-ден астам отбасы өткен ғасырда салынған үйлердегі жылу жүйесіне қатысты партияға шағымдарын түсірген еді. Бұны шешу үшін жергілікті билік өкілдеріне нақты тапсырма бердік», - деді Бауыржан Байбек.

ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ былтырғы 2019 жылы партияның он сегізінші съезінде жеті миллионнан аса ауыл халықының тұрмысы-тіршілігіне қатысты нақты тапсырмалар берген. Ол – әлеуметтік сала.

Сонымен Шәуілдір жайына оралсақ. Түркісатн облысының басшысы Өмірзақ ШӨКЕЕВ ұзақ уақыт халықты әбігерге салған жлу қазандығын жөндеуге қаражаттың бөлінетінін айтып, жеогілікті бюджеттен 700 млн теңгеге жөнделетінін жеткізді.

Сондай-ақ, астанадан келген партия басшысы Жетісайдағы жер емген диқан жұртпен кездесті. Кетпен арқалаған ағайын базынасы егіс алқаптарын суғаруда туындаған проблемалар. Жетісайлық екі мың алты жүзден астам шаруа қожалықтары пайдаланып отырған К-30 каналының жөндеужұмысы бітпей келе жатыр. Және де мақта шаруашылығы қатысты да өсекті жайттар айтылды.

«Жетісайлық диқандар каналды бетондау жұмысы сапасыз жасалып жатқанын айтты. Және белгіленген уақтта бітетінін көрінбейді екен. Бұл мәселені шешу үшін орталық пен жеогілікті билік арасындағы үйлестіру жүмысында кемшіндік байқалады. Яғни кординация қажет. Шаруа қожалықтары басшылары жұмыс ықласты. Олармен мемлекеттен қандай көмек беруге болатын жағын сөз еттік. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласындғы партияның алаңында ауыл шаруашылығы мен табиғи ресурстар министрлігімен біріге отырып, талқылайтын боламыз. Одан шаруаларға нақты көмектер болады», - деді Бауыржан Байбек.

Осы сапар аясында елордалық меймандар Жетісай қаласында өткен ғасырдың 60 жылдары салынған емхана орнына салынған жаңа ғимаратта да болды. Жаңадан салынып біткен емхана медициналық керек жабдықтардың жеткізілмеуінен бірнеше айдан бері бос тұр екен. Жиырма төрт мыңнан аса халқы бар Жетісай қаласы халық көп шоғырланған елді мекен. Облыс орталығы Түркістаннан төрт жүз шақырымдай алыс. Сондықтан да ол жерде халыққа жаңа емхананың тез жұмысқа кірісуі өте-мөте қажет-ақ. Жергілікті әкімдік шенділері емханаға қатысты жағдаятты шешуді жуық арада қолға алатындарын айтты.

Бауыржан Байбек республика бойынша демографияға зор үлес қосп келе жатқан облыстағы көпбалалы отбасылармен де тілдесті. Құрамныда алты бірде ауыл бар Қазбек би ауылдық округіне барып жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен баспаға қол жеткізген отбасылардың шаңырағында болды. Қазір ауданда демеушілердің арқасында 10 мұқтаж отбасыға үй салынып жатыр екен.

«Nur Otan партиясының «Бақытты отбасы» атты партиялық жобасы бар. Сол жоба аясында «Қамқорлық» қайрымдылық бағдарламасы барынша жұмыс жасап жатыр. Дәл қазіргі кезде тұрмысын түзелтуге жәрдемдесу керек 141 отбасы бар. Партиямыздың облыстағы мүшелері сексен алты отбасыға материалдық тұрғыдан қол ұшын берді», - деді Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Әлеуметтік саладан өзге облыстың рухани жағдайын білу үшін түркістандық зиялы қауым өкілдерімен де кездесу ұйымдастырылды. Ол жерде әл-Фараби мен Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ мерейтойларына қатысты ойлар ортаға салынды.

Бұған дейін Павлодар облысын аралған Бауыржан Байбек Сыр бойындағы Қызылорда өңіріне аттанды. Ол жерде де партия басшылығы қарапайым ел арасын аралап қайтпақ.

Бақытжан БЕРІКҰЛЫ

Фото: nurotan.kz

Байланысты жаналықтар

Мектептегі былықты жасыру үшін 26 млн теңге пара берген

13.07.2023

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

30.01.2023

Міндетті түрде біреу өлу, құрбан болу керек...

27.01.2022

Депутаттар “Нұр Отаннан” шығып жатыр

25.01.2022

Мақтау жарысының жеңімпаздары неге үнсіз?!

20.01.2022

Жазушы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

30.07.2021
MalimBlocks
Мектептегі былықты жасыру үшін 26 млн теңге пара берген

Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін 26 млн теңге көлемінде пара берген,- деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.  

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

Сонымен сайлауға үміткерді тіркеу басталып кетті! Ал мен күткен қандастар үнсіз («Республика» партиясының жетекшісінің бірі Сырымбет Тауды есепке алмаймын).

Міндетті түрде біреу өлу, құрбан болу керек...

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 4 қаңтар күні журналист Амангелді Батырбековке шабуыл жасалып, оның ұлы Дінмұхамед Батырбеков жарақаттанған болатын. Полиция журналисті өлтіруге тапсырыс берді деген күдікпен Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы Бауыржан Майриховпен оның сыбайластарын ұстаған. Malim.kz тілшісі Батырбековпен тілдесіп, оның қазіргі жағдайын білді.

Депутаттар “Нұр Отаннан” шығып жатыр

Семейлік екі депутат елдегі басқарушы партиядан көңілі қалғандарын айтып, өз еркімен партиядан кететіндерін мәлімдеді.

Мақтау жарысының жеңімпаздары неге үнсіз?!

Елге кітаптары мен мақалаларында жазылған «даналық сөздерін» айтпай ма?!  Жоқ, әлде  Мырзатай айтпақшы, «Баянды бақыт уақытының» келмеске кеткеніне  өкініп жатыр ма?! 

Жазушы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды