Өз әрекетіне жауап бермейтін адам қолынан қаза тапты - Ажар Ғиният белгілі дәрігер қазасы туралы

Айшолпан КЕРІМ

  • 05.04.2022

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматыдағы белгілі дәрігер Юрий Шумковтың өліміне қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ ол министрлік медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау туралы заң жобасын әзірлегенін мәлімдеді.

«Қазақстанның медицина жұртшылығы Алматы қаласындағы гастроэнтерология институтында көп жылдар бойы қызмет атқарған белгілі гастроэнтеролог - дәрігер Юрий Петрович Шумковтың өлтірілгені туралы хабарды естіп қатты алаңдауда. Жеке өз атымнан және денсаулық сақтау министрлігі ұжымының атынан қайғылы қазаға ұшыраған дәрігердің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл оқиға республиканың денсаулық сақтау саласы үшін жантүршігерлік аса ауыр қайғы болып отыр, бейбіт уақытта дәрігерлерге жауыздық танытқан, өз іс-әрекеттеріне жауап бермейтін адамның қолынан қаза тапты. Отандық медицина гастроэнтерологияның дамуына зор үлес қосқан, жүздеген пациентті жоғары медициналық білімінің арқасында емдеп, өмірін сақтап қалған аса білікті маманынан айырылды. Үш бала жетім қалған, ал қарт ата-анасы ұлынан айырылған қаза тапқан дәрігердің отбасы үшін қайғылы оқиғаның аса ауыр екенін сөзбен жеткізу мүмкін емес», – деп жазды министр. 

Ажар Ғиният аталған іс бойынша тергеу амалдарының жан-жақты өтіп, қайғылы оқиғаға кінәлілерді заңның барлық қатаң талабы бойынша жазалайды деген сенім білдірді. 

«Әрбір осындай инцидент бүгінде заңнамалық тетіктердің көмегімен медицина қызметкерлерінің құқықтарын сенімді қорғауды қалыптастыру, өз өмірі мен денсаулығы үшін қорықпай қауіпсіз еңбек етуіне кепілдік беретін құқықтық нормаларды қабылдау қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау туралы заң жобасын әзірледі. Жақын арада ол парламенттің қарауына енгізілетін болады», – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, кеше Алматыда белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумков қаза тапты. Артынша оқ атқан дәрігердің еміне көңілі толмаған пациенті екені белгілі болды. 

Алматы полициясы күдіктінің ұсталғанын мәлім етті. Қайғылы оқиға дәрігердің үйінің маңайындағы көлік тұрағында болған.

«Түрлі болжамдар бар. Ол таңертең жұмысына бару үшін тұраққа шығып, көлігіне де жетпей қалған. Сол жерде оны аң аулауға арналған мылтықпен атып кетті», - деді дереккөз.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін