457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Өзгенің үйін тонау патриоттық емес"

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Қордай трагедиясына жауаптылардың барлығы заң алдында жауап беретінін мәлімдеді. Бұл туралы МӘЛІМ сайты хабарлайды.

Мемлекет басшысының айтуынша, «жалған патриоттық ұрандарды» көтерушілер жауапкершіліктен құтылмайды.

«Өзге адамның шаңырағына бас-көктеп кіріп, тонаумен айналысатын адамдар және жалған патриоттық ұрандарды көтерушілер – патриот емес. Бұл адамдар заңды бұзушылар, яғни қылмыскерлер, олардың әрекетінде қылмыстық элементтер бар. Сондықтан да олар қоғам мен мемлекет алдында жауап береді. Қатаң жазаланады», - деді президент.

Ішкі істер министрлігі Қордай трагедиясына байланысты 25 қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген болатын. Ақпанның 7 күні болған жанжалда он адам қайтыс болып, ондаған адам түрлі дене жарақатын алған. Ресми мәлімет бойынша дүнгендер көп шоғырланған Масанчи, Ауқатты, Сортөбе ауылдарында 15 ғимарат, 30-дан астам үй бұлінген. Өртенген автокөліктердің саны 23.

Фото: primeminister.kz