freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресей АҚШ-тың бұрынғы теңіз жаяу әскерін босатты

Әлем
Ресей АҚШ-тың бұрынғы теңіз жаяу әскерін босатты
TASS

Ресей 2022 жылдан бері қамауда болған АҚШ-тың бұрынғы теңіз жаяу әскері Роберт Гилманды босатты. Бұл туралы 11 тамызда АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді.

Трамптың айтуынша, Гилман Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздерден кейін «гуманитарлық себептермен» босатылған. Оның сөзінше, Ресей ешқандай талап қоймаған және тұтқын алмасу жүргізілмеген. Гилман АҚШ-қа бет алған.

32 жастағы америкалықты Вашингтонға АҚШ Мемлекеттік департаментінің ұшағы жеткізеді. Ол алдымен дәрігерлердің тексеруінен өтеді. Кейін Техастағы әскери госпитальде медициналық және психологиялық ем қабылдайды.

АҚШ билігі бұған дейін Гилманның денсаулығы нашарлауына байланысты оны Ресейден босатуды сұраған. Маусым айының соңында ол Воронеждегі түрме ауруханасынан азаматтық психиатриялық бөлімге ауыстырылған. Құқық қорғаушы Эрик Лебсонның айтуынша, Гилман диссоциативті ступор жағдайында болған.

Ресейдің тергеу органдарының мәліметінше, Гилман 2022 жылғы қаңтарда пойызда мас күйінде жанжал шығарып, Воронежде полиция қызметкеріне күш қолданған. 2022 жылдың қазанында сот оны 4,5 жылға бас бостандығынан айырды. Кейін апелляциялық сот жазасын 3,5 жылға қысқартты.

Алайда 2024 жылы Гилманға колония қызметкерлеріне шабуыл жасады деген айып тағылып, оның жаза мерзімі 10 жылға дейін ұзартылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу