«Өзімді өртеп жіберемін». Астанада наразы азамат мұнара кранына шықты

Жер дауы бойынша сот шешімімен келіспейді

Malim Админ

  • 24.04.2023

Астанада ер адам өзімді өртеп жіберемін деп  мұнара кранына шықты.  Ақпаратты Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Полиция мәліметінше, оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі жіберілген.


«24 сәуірде сағат 11:39-да «102» арнасына ер адам мұнара краны үстіне шығып кеткені туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі жіберілді. Қоғамдық тәртіпті бұзған адамның әрекетінің себебі анықталып жатыр, нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі», - деп хабарлады ведомство.

Оқырмандар ұсынған ақпаратқа сәйкес, ер адам Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан колхоздың 220 гектар жер теліміне қатысты жер дауы бойынша сот шешімімен келіспейді. Мәтінде бұл жер ер адамның отбасына тиесілі екені айтылған. 2002 жылы жер 2051 жылға дейін жеке кәсіпкерге жалға берілген. Ол отбасына табыстың 10 пайызын беруі керек еді, алайда кранға көтерілген адамның туысының айтуынша, жалға алушы алғашқы күннен бастап өз міндеттерінен жалтарған.

2021 жылдың желтоқсанында отбасы әкімдік оларды жер теліміне құқығынан айырып, оны 30 жыл мерзімге сол жеке кәсіпкердің пайдалануына бергенін білген. Енді ер адам Астанаға «әкімдіктің жеке кәсіпкерге жерді 30 жыл мерзімге жалға беру туралы шешімін заңсыз деп тану, сонымен қатар келтірілген шығынды өтеу» талабымен келген.

Шағымданушы  бүгін сағат 18:00-ге дейін шарттарды орындауды талап етеді. Әйтпесе, «өзімді өзім  өртеп жіберемін» деп отыр.     

Байланысты жаналықтар

Талдықорғанда құрылыс алаңында мұнаралы кран өртенді

05.05.2025

Илон Маскқа ашулы белсенділер Tesla көлігін қиратып тастады

11.04.2025

АҚШ сенаторы Трампқа наразылық ретінде 24 сағат бойы сөз сөйледі

02.04.2025

АҚШ антиизраильдік акцияларға қатысқан 300 студенттің визасын жойды

28.03.2025

Түркиядағы наразылықтарда 1900 адам ұсталды

27.03.2025

Қамауға алынған Ыстамбұл мэрі түрік халқына үндеу жолдады

23.03.2025
MalimBlocks
Талдықорғанда құрылыс алаңында мұнаралы кран өртенді

Илон Маскқа ашулы белсенділер Tesla көлігін қиратып тастады

АҚШ сенаторы Трампқа наразылық ретінде 24 сағат бойы сөз сөйледі

АҚШ антиизраильдік акцияларға қатысқан 300 студенттің визасын жойды

Түркиядағы наразылықтарда 1900 адам ұсталды

Қамауға алынған Ыстамбұл мэрі түрік халқына үндеу жолдады

Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу жақтастарын өз құқықтарын қорғауға және Түркияның қалаларында алаңдарға шығуға шақырды