Президенттің саяси реформалары жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жандандырды

Malim Админ

  • 03.07.2023

2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум өткізілді. Референдум жоғары деңгейде өтті. Конституциялық өзгерістерге орай өткізілген жалпыхалықтық науқанға барлық  Түркістан облысының халқы атсалысып, жоғары деңгейде қатысты. Өзім Референдумға қатысып, атсалыстым. Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолын таңдадық.

Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік тудырды. Бүкіл қоғамның дамуына тың серпін берді. Еліміздің тарихындағы маңызды белес болды. Ұлтымыздың шынайы өзгерістерге деген дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетті. Жалпыхалықтық референдум қазақстандықтардың мемлекеттің саяси архитектурасын қайта қалыптастыру, билік тармақтары арасында тежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйе құру жөніндегі мемлекеттің дамуының жаңа бағытын қолдайтынын көрсетті. Ең басты нәтиже – азаматтардың Жаңа Қазақстан құру идеясының айналасына топтасуына ұйтқы болды.

Конституцияға енгізілген  өзгерістер мен толықтырулардың бәрі өзара байланысты және бір мақсатты көздеді. Атап айтқанда, мынадай үдерістерге құқықтық негіз қалыптастыруға арналған: Суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға түбегейлі көшу; Бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу; Парламенттің рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыру; Елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту; Азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру.

Референдумнан кейін Президент Үндеуін жариялады.

Референдум қорытындысы біздің мемлекеттігіміздің тарихында мүлде жаңа дәуір басталғанын көрсетеді.   Халқымыз өз таңдауын білдіру арқылы түбегейлі бетбұрыс жасауға ұмтылысын көрсетті. Жасампаз ел болуға деген ықылас-ынтасын байқатты. Елімізді дамыту үшін әлі де көп жұмыс атқаруымыз керек. Бүкіл ел болып жұмылсақ, көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін. Бүгін тәуелсіз Қазақстанның даму тарихында жаңа дәуірге жол ашылды. Осы жолда бірлігіміз әрдайым бекем болсын! Мемлекетіміз  дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ата заңымызға ұсынылған өзгерістерді  азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Референдум жоғары деңгейде өтті. Мұны халықаралық және отандық байқаушылар да айтып жатыр. Конституциялық реформалар қоғамда қызу талқыланды. Дауыс беру барысы демократия талаптарына сай өтті. Ешқандай мәжбүрлік болған жоқ. Референдум нәтижесі саяси жаңғырудың анық символына айналды. Азаматтарымыз зор жауапкершілік танытты және отансүйгіштік қасиетін паш етті. Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміз бекем екенін көрсеттік. Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бүкіл қоғамның дамуына тың серпін береді. Референдумға белсене қатысып, қолдау білдірген барша халқымызға зор ризашылығымды білдіремін», деді Мемлекет басшысы.

Референдум нәтижесінде Заңға өзгеріс енгізілді. Саяси реформалар жалғасты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесінде алдағы маңызды жоспарларды баяндады.

«Мен Конституцияға сәйкес, Парламент палаталарының төрағаларымен, Премьер-Министрмен кеңесіп, Мәжілісті тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлықтарға қол қойдым. Депутаттарға белсенді әрі жемісті жұмысы үшін алғыс айтамын. Мәжіліс пен мәслихат депутаттары еліміздегі ауқымды реформаларды іске асыруға барынша атсалысты. Олар сайлаушылармен жиі кездесу өткізді. Шалғайдағы елді мекендерге барды. Сондай-ақ жұртты толғандырған өзекті мәселелерді көтеріп, қоғамдық пікірталасқа ұйытқы болды. Жаңадан сайланатын депутаттар да жұмысты осы қарқынмен жалғастырып, еліміздің жан-жақты жаңғыруына ерекше үлес қосады деп сенемін. Мәжілістің кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтеді. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын Орталық сайлау комиссиясы белгілейді.  Өздеріңізге мәлім, мен былтыр күздегі Жолдауымда Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы осы жылдың бірінші жартысында болатынын жарияладым. Яғни, бұл бастама айтылған сәттен сайлауға дейін жарты жылдан астам уақыт өтеді. Тәуелсіздік жылдарында сайлауға дайындалу үшін кандидаттар мен саяси партияларға осыншама көп уақыт берілген емес.   Мәжілістің және мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы – конституциялық реформаның жалғасы. Былтырғы референдумда халқымыз бұл реформаға қолдау білдірді. Соның нәтижесінде еліміз өкілді билікті жаңа, әділ әрі ашық бәсекеге жол ашатын қағида бойынша жасақтауға көшті», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңа өзгерістер қоғамға ұнағаны анық. Себебі, енді Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Ал аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді. Осылайша, Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады. Сонда сайлаушылардың мүддесі жалпыұлттық және аймақтық деңгейде толық қорғалады. Өкілді билікке түрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне мүмкіндік туады. Азаматтық қоғамның одан әрі дамуына айтарлықтай жағдай жасалады. Конституциялық реформа аясында саяси партияларды тіркеу рәсімі жеңілдетілді. Атап айтқанда, партия мүшелерінің санына қатысты талап өзгерді. Оның төменгі шегі төрт есе төмендеп, 20 мыңнан 5 мыңға дейін азайды. Партиялардың әр аймақтағы өкілдерінің саны кемінде 600 адам болуға тиіс еді, ал қазір 200 адамға дейін төмендеді. Осы және басқа да жүйелі шаралардың нәтижесінде елімізде көп уақыттан бері алғаш рет бірнеше жаңа саяси партия тіркелді. Сонымен бірге сайлау бюллетеніне «бәріне қарсымын» деген бағанның енгізілуі өте маңызды шешім болғаны рас. Партиялардың Мәжіліске өтуіне қажетті дауыстың төменгі шегі 7-ден 5 пайызға дейін азайды. Бұл да – елімізді демократияландыру жолындағы айрықша мәні бар қадам. Сайлау үдерісіне қоғамның түрлі өкілдерін барынша тарту үшін заңнамаға басқа да тың өзгерістер енгізілді. Мысалы, депутаттық мандаттың 30 пайызын әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға бөлу заң жүзінде бекітілді. Нәтижесінде биылғы сайлауда  саяси бәсеке күшейді, саяси жүйенің ашықтығы қамтамасыз етеілді. Сондай-ақ саясаткерлердің жаңа буынының қалыптасуына жол ашылды.

«Сайлау науқанын ұйымдастыру және оны өткізу ісінде аумақтық сайлау комиссиялары маңызды рөл атқарады. Енді облыстық сайлау комиссиялары кәсіби түрде тұрақты жұмыс істейді. Бұл шешім сайлауға қатысты іс-шаралардың сапалы атқарылуын қамтамасыз етеді. Алдағы сайлаудың заңға сәйкес өтуіне, әділ әрі ашық болуына қатаң бақылау жасалады. Бұған Орталық сайлау комиссиясы және Бас прокуратура жауапты. Сайлау науқанын отандық және халықаралық байқаушылар жіті қадағалайды. Осы тұста азаматтарымыздың байқаушы ретінде белсенділік танытуы маңызды. Заңға сай барлық кандидат пен партияның бұқаралық ақпарат құралдарына шығуына бірдей мүмкіндік беріледі. Осы сайлау науқаны еліміздегі саяси мәдениеттің жоғары екенін айқын көрсетіп, қоғамымызды ұйыстыра түседі деп сенемін.  Біз дамудың жаңа дәуіріне қадам бастық. Қазақстанда қарқынды және жан-жақты жаңару үдерісі жүріп жатыр. Бұл сайлау қоғамдағы өзгерістердің көрінісі ретінде саяси жүйеміздің одан әрі жаңғыруына зор ықпалын тигізеді.  Қазір әлемде дәл осындай ауқымды өзгерістерді қолға алған мемлекеттер көп емес. Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы мемлекеттік билік институттарын жаңғырту жұмыстарының қорытынды кезеңі болмақ. Осылайша, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты толық іске асады.   Біз бір ел, бір халық болып, Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Осы жолда түрлі сын-қатерді еңсеріп, көптеген маңызды міндетті бірге атқаруымыз керек», деген Президент нақты жол көрсете білді.

Қоғамды демократияландырудың маңызды институты – сайлау. Әкімдерді сайлау халықтың ерік-жігерін білдіру, оның мемлекеттік басқаруға қатысуының негізгі нысандарының бірі. Ауыл әкімдердің халықтың тікелей сайлауы – бұрын-соңды болмаған үрдіс. Ауыл әкімдері күн сайын тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелерін шешеді. Сондықтан олар елімізде айрықша рөл атқарады. Бұл қадам тұрғындардың еліміздегі саяси ахуалға белсене араласып, мемлекеттің дамуына үлес қосуына септігін тигізді.  Ауыл әкімдерін сайлау еліміздің саяси өмірінде қалыпты құбылысқа айналды. Түркістан өңірінде де ауылдарда ондаған әкімді ел таңдады. Ауыл әкімдерін сайлау – саяси реформаның сәтті жүзеге асуының көрсеткіші.

Жетісай аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі қызметін атқарамын. Жетісай аудандық орталық балалар кітапханасы 1960 жылы ашылған. Кітапханада 3 штаттық  бірлікте 3 адам қызмет атқарады.  1 кітапхана меңгерушісі, 1 әдіскер, 1 кітапханашы.  Кітапханада «Негеш» балалар үйірмесі  жұмыс атқарады. Кәсіби жетістіктер: 2008 жылы «Отан деп соққан жүрекпен...» тақырыбында  Ы.Алтынсарин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілген жас ақындардың облыстық шығармашылық байқауда аудандық  орталық балалар кітапханасының  оқырманы Қоңырбаева Сабира Сейтжаппарқызы  Алғыс хатпен марапатталды. 2020 жылы «Қазақстандық Кітапханалық Одақ» төрайымы Б.Оспанованың «Қазақстанның Құрметті Кітапханашысы» төсбелгісімен аудандық орталық балалар кітапханасының кітапханашысы Құсамбаева Батмагүл марапатталды. 2021 жылы  «Балалар әдебиеті жылы» аясында ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына орай әдеби оқулар арқылы шығармашылығын дәріптеп, Түркістан облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының 60 жылдығына орай "61-60-16" жобасын облыс көлемінде оқырмандарға таныстыра отырып, насихаттауда белсенділік танытқаны үшін Жетісай аудандық орталық балалар кітапханасы Алғыс хатқа ие болды.

Кітап оқу – ақыл-ойды тереңдетеді. Білімді көтереді. Біз мәдениетті, білімді, саналы буынды тәрбиелеуіміз керек. Сонда ғана саяси реформаларды жүзеге асыратын, ізгі қоғам орнататын азаматтар өсіп шығады.

Шоматова Назира,

Жетісай аудандық орталық балалар кітапханасының  меңгерушісі

Байланысты жаналықтар

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

27.06.2024

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

25.06.2024
MalimBlocks
Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

Ұлттық нақышты киім-кешекке принт түрінде түсіріп, ұлттық сананы жаңғырту жолдарын іздеген дарынды суретші, ұлт жанашыры Аңсаған Мұстафамен әңгімелесудің сәті түсті.