freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмола облысында мұзға кеткен балықшыны балалар құтқарып қалды

Оқиға
Ақмола облысында мұзға кеткен балықшыны балалар құтқарып қалды
Фото: видеодан кадр

Ақмола облысының Бурабай ауданында балық аулауға шыққан ер адам мұз астына түсіп кете жаздады. Оқиға Үлкен Забой су айдынында болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, азаматты екі бала құтқарып қалған.

«1966 жылы туған азамат мұздың еріп жатқанын көрсе де, балық аулағысы келген. Салдарынан мұз ойылып, суға құлаған. Алғашында мұздан өзі шыққанымен, көп ұзамай қайтадан суға кеткен. Сол маңда жүрген Кирилл мен Даниил есімді жасөспірімдер дереу 112-ге хабарласып, диспетчердің нұсқауын орындаған. Олар ер адамға ұзын ағаш лақтырып, су астына түсіп кетпеуге жәрдем берген», - деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар келгенше кезекші Мирас Мүбәракұлы жасөспірімдердің әрекетін бейнебайланыс арқылы үйлестіріп, оларға суға түспеуді ескерткен.

Оқиға орнына алғаш болып Щучинск қаласынан жеткен құтқарушылар ер адамды шығарып, алғашқы көмек көрсетті. Оның денесі қатты мұздап қалғандықтан қазір ер адам ауруханада жатыр. Ал, қазір жасөспірімдерді марапатқа ұсыну мәселесі қаралып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу