«Путин – украин тілінің ең мықты ұстазы» 

Қымбат Мұратқызы Киев азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы. Соғыстың бірінші күнінен бастап барлығын көзімен көрген Қымбаттан Украинадағы соғыс, қарапайым адамдардың тіршілігі, өзінің соғысқа деген көзқарасы туралы шағын сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз. 

Malim Админ

  • 05.07.2023

- Қазақстанға қош келдің, соғыс басталғалы Украинада қарапайым халық үшін  не өзгерді?

- Соғыс деген адамды мүлдем басқаша ойлауға үйретеді екен. Бүгінмен өмір сүресің, ертең деп жоспар құрмайсың, қазақтың аспаның ашық болсын деген сөзді мен қазір жақсы түсінемін. Өйткені ракета мен дронның даусы, оған дабыл даусы қосылғанда ажалмен бетпе-бет келгендей әсер етеді. Орыстар Киевті көбінесе түнде атқылайды. 30-дан аса ракета мен дрон жіберген күндер болды. Бірақ Украина әуе қорғанысы 90 пайызын ауада жарып жібереді. Десек те олардың сынықтары от болып жан-жаққа шашырайды. Түскен ракеталардан бөлек осы жарықшалар қанша адамның өмірін алып кетіп жатыр. Мысалы бірге қызмет істеген бір жігіт, бір қыз осындай жарықшадан шыққан жарылыстан қаза тапты.   

Қаза болған әріптес қыз осы үйде тұрған

- Соғыстың бірінші күнін есіңе алшы.....

- Украина соғыс 20 ақпанда басталады деп дайындалды. Барлық адам әні-міні деп күтіп жүрді. Мен өзім орыстар соғыс ашады екен дегенді желтоқсан айынан бастап естідім. Өйткені орыстар техникасын Украинның шекарасына жинай бастаған болатын. 24 күні таңғы бестерде соғыс басталды. Біз 25-ақпан күні түнде Киевтің сыртындағы жертөлесі бар саяжайға отбасымызбен барып тығылдық. Сол кезде өмірімде бірінші рет танк көрдім. Киев қаңырап бос қалғандай әсер етті. Соғыс басталды деген хабар тарағанда-ақ қаладан көбісі кетіп қалды. Өйткені астананы ракетамен атқылай бастаған болатын. Бірақ бізге саяжайда пана бола алмады. Өйткені Беларусь жақтан келген орыс әскері 3-4 күнде Киевке келіп тірелді. Содан соң Украина әскері Киевке кіретін көпірді жарып жіберді де орыс әскері Киевтің айналасындағы Ирпень, Буча, Гостомель тағы басқа шағын қалалар мен ауылдарды басып алды да, халқын қырып тастады. Бүгінгі күнге дейін толық мәлімет жоқ, халықтың қаншасы қашып үлгерді, қаншасы жендеттердің қолынан қаза тапқаны.

Орыс әскері мина салып әдейі тастап кеткен чемодан

- Сендер қашып құтылғандар тізіміндесіңдер ғой?

- Біз Киевке жол жоқ болғасын, батыстағы Ужгород деген шағын қалаға қаштық. Сол жерде екі ай тұрып орыс әскері шегінгенде Киевке қайтып келдік. Құдайға шүкір Киевтегі пәтеріміз аман екен, ал саяжайға ракета түсіп жарылмай қалған, кейін саперлар шақырып едік, келіп алып кетті. Қайтып келгесін свет, су, жылу болмаған кездер де болды. Кейінен 2-3 сағатқа су, жарық беріп тұратын болды. Коменданттық сағаттар, күнделікті дабыл, жертөлеге тығылу адамды психологиялық қажытса да өмір жалғаса береді екен. Күнде таңертеңгісін аман-есен оянғаныңда, ерегіскенде өмір сүремін деген оймен өз-өзіңді қамшылап жұмыс та істейсің,  туған-туыс пен достарыңа да уақыт бөлесің.  

 Ұжым. Қайырымдылық концерт өткізіп жиналған қаражатты соғысқа кеткен әріптестерімізге аудардық

- Ресми мәлімет бойынша 14 млн украиндық шетел асқан....

- Иә, солай айтылады, бірақ көбісі соғыс бітісімен қайтамыз деп отыр. Олар сол жақта жүріп тамақтан артылғандарын еліне аударып жатыр. Бәрінің бір-ақ арманы бар, басқыншыларды өз жерлерінен қуып шығу. Өз елінде емін-еркін тыныш өмір сүру. Сізге бір қызық тенденцияны айтайын Украина да Қазақстан сияқты қалалық жерлері орысша сөйлейтін ел болатын. Путин «орыстарға және орыс тілділерге қысым жасалып жатыр соларды құтқарамыз» деді ғой соғыс басталғанда. Қарап отырсам керісінше соғыс басталғалы орыс тілінде сөйлеу сатқындықтың белгісіндей болып кетті. Қазір украинада «украин тілінің ең мықты педагогы – Путин» деп айтады. Мысалы менің өзім Киевте бес жыл тұрсам да орыс тілінде сөйлейтінмін қазір украин тілінде сөйлей де, жаза да аламын.

- Сонда украиндықтар орысша сөйлемейді дейсің ғой....

- Иә, мүлдем сөйлемейтін болған. Керек десеңіз әншілер орысша жазылған әндерді айтпайды. Путиннің «Украинада қару-жарақ көбейіп кетті» деген өтірігі айналып келіп еш уақытта Украинада болмаған қару-жарақтың түр-түрі жиналды. Өтірігі шынға айналды.

- Ресей ирандық дрондармен атқылап жатыр дегенді естіп едік....

- Иә, Ирандық дрондарды ел «мапед» деп атайды өйткені ұшқандағы дауысы соған  қатты ұқсайды. Басында Киевте көп жарылды. Өйткені олар төмен ұшады екен. Қазір оны да ауада жарып жіберетін болды. Бір күні көшеде келе жатсам дабыл қақты да тура төбемнен ысқырып дрон өтті, сол кезде шынымен өлдім деп ойладым, бірақ өтіп кетті де басқа жерге барып жарылды, ең қатты қорыққаным сол кез болды.... Ракетаның, дронның тиген жері ғана емес айналасын да жарықшақтармен, толқынмен қатты зақымдайды. Тағы бір байқағаным орыс әскері әлеуметтік нысандарды атқылағанда қасындағы үйлер бірінші зардап шегеді екен.    

- Сұхбатыңа рақмет укриан халқына бейбітшілік тілеймін.  

- Сізге де рақмет, әлемде соғыс болмасын!

Фото автордың мұрағатынан алынды 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан-Ресей форумы биыл Орал қаласында өтеді

30.01.2025

Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы құлай бастады

24.01.2025

Биыл соғыс ардагерлеріне 17 млрд теңге төленеді

24.01.2025

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз 15,25% деңгейінде қалдырды

17.01.2025

«Бортсерікті ұрып, «бомба» деп айғайлаған». Астана әуежайында тентек жолаушы ұсталды

14.01.2025

АҚШ Ресейдің мұнай өнеркәсібіне қарсы ең қатаң санкцияларын енгізді

11.01.2025
MalimBlocks
Қазақстан-Ресей форумы биыл Орал қаласында өтеді

Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы құлай бастады

Ол сол арқылы Украинадағы соғысты тоқтатқысы келеді

Биыл соғыс ардагерлеріне 17 млрд теңге төленеді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз 15,25% деңгейінде қалдырды

Оған Ресейдегі инфляцияның әсер етіп отырғанын мәлімдеді

«Бортсерікті ұрып, «бомба» деп айғайлаған». Астана әуежайында тентек жолаушы ұсталды

Оған екі бірдей баппен қылмыстық іс қозғалған

АҚШ Ресейдің мұнай өнеркәсібіне қарсы ең қатаң санкцияларын енгізді

Бұл Ресейдің мұнай экспортын айтарлықтай қиындатуы мүмкін