freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда 61 автобус айып тұрағына қойылды

Қоғам
Қазақстанда 61 автобус айып тұрағына қойылды
Фото: видеодан кадр

Қазақстанда өткен «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 22 мыңнан астам дерегі анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомство мәліметінше, тіркелген құқық бұзушылықтардың шамамен 6 мыңы жолаушылар тасымалы саласына қатысты болған.

Тексеру кезінде жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдаланған, мас күйінде автобус жүргізген және көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің жолға шыққаны белгілі болды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері қалааралық және халықаралық бағыттарға заңсыз қайта жабдықталған 63 автобусты анықтады.

Рейд қорытындысы бойынша 61 автобус айып тұрағына қойылып, жүргізушілерден 102 мемлекеттік нөмір тәркіленді. Аталған деректер бойынша тергеу амалдары басталды.

ІІМ мұндай шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жолаушылар тасымалы саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу