freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астаналық дәрігерлер жаңа туған сәбиден 2 келі ісік алды

Денсаулық
Астаналық дәрігерлер жаңа туған сәбиден 2 келі ісік алды
Ядролық медицина және онкология орталығы

Астанада дәрігерлер бірегей ота жасап, дене салмағының жартысынан астамында алып ісігі бар жаңа туған нәрестені құтқарып қалды, деп хабарлайды Malim.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сәби елордаға өңірден санитарлық авиация желісімен жеткізілген.

Балаға шұғыл түрде күрделі хирургиялық ота жасалып, салмағы 2,15 келі болатын ісік алынып тасталды. Бұл туралы балалар және неонаталды хирург Нұрхат Мұхаметқалиев хабарлады.

Дәрігердің айтуынша, ота ешқандай асқынусыз өткен. Нәрестенің өз салмағы небәрі 4 келі болса, ісік оның дене массасының шамамен 60 пайызын құраған.

Ота ешқандай асқынусыз өтті. Салмағы 4 келі болатын сәбиден 2150 грамм ісік алынды. Кішкентайдың тезірек сауығып кетуін тілейміз.Сәби  өңірден медициналық авиация желісімен жеткізілді. Командамыздың үйлесімді жұмысының арқасында балаға шұғыл түрде ота жасалды. Баршаңызға тағы да рахмет, - деп жазды дәрігер. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу