freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Румыния парламенті Молдовамен бірігу туралы заң жобасын мақұлдады

Әлем
Румыния парламенті Молдовамен бірігу туралы заң жобасын мақұлдады
Фото: Reuters

Румыния парламентінің төменгі палатасы Молдовамен бірігу туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы парламенттің Палата депутаттары мен Сенаттың ресми сайттарында жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Румын БАҚ-тарының хабарлауынша, құжат «үнсіз қабылдау» рәсімі арқылы мақұлданған. Яғни, заң жобасы 45 күн ішінде пленарлық отырыста қаралмаса немесе кері қайтарылмаса, ол автоматты түрде қабылданған болып есептеледі.

Заң жобасын Румынияның «SOS România» партиясы ұсынған. Құжаттың 2-бабында «Румыния парламенті Молдова Республикасымен бірігу туралы шешім қабылдайды» деп көрсетілген.

Ал 3-бапқа сәйкес, Румыния үкіметіне Кишинев билігімен Молдовамен бірігуді рәсімдеу мақсатында шұғыл түрде келіссөздерді бастау тапсырылмақ.

Енді заң жобасы Румыния парламентінің жоғарғы палатасы – Сенаттың қарауына жіберіледі. Құжаттың одан арғы тағдыры сенаторлардың шешіміне байланысты болмақ.

Бұған дейін Молдова президенті Майя Санду екі елдің бірігу идеясын қолдайтынын мәлімдеген болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу