freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Reuters: Ресей Қазақстаннан 50 мың тонна жанармай сұрап отыр

Әлем
Reuters: Ресей Қазақстаннан 50 мың тонна жанармай сұрап отыр
коллаж Ulysmedia

Ресей Қазақстанмен АИ-92 бензинінің 50 мың тоннасын жеткізу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы 24 маусым, сәрсенбі күні Reuters агенттігі саладағы төрт дереккөзге сілтеме жасап хабарлады. Келіссөздер Украина дрондарының Ресей мұнай өңдеу зауыттарына жасаған шабуылдарынан кейін елде жанармай сатуға қойылған шектеулер аясында өтіп жатыр.

Reuters мәліметінше, Ресейде бензин өндірісі маусым айының соңына қарай өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, Қазақстандағы жанармай өндірісі Ресеймен салыстырғанда айтарлықтай аз болғандықтан, Ресейге жеткізілетін көлемнің елеулі болуы екіталай екенін агенттік дереккөздері атап өтті. Олардың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда бензин артығы байқалады, алайда Атырау мұнай өңдеу зауытындағы маусым-шілде айларына жоспарланған жөндеу жұмыстары қолжетімді қор көлемін азайтады.

Қазақстанның Энергетика министрі: Ресейден ресми сұраныс түскен жоқ

Бұған дейін Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Астанаға Мәскеуден бензин жеткізу жөнінде ресми өтініш түспегенін мәлімдеген болатын. Ресейдің Энергетика министрлігі әзірге бұл мәселеге қатысты түсініктеме берген жоқ.

Бір күн бұрын Ресей Мемлекеттік думасының бюджет және салық комитеті үкімет ұсынған Салық кодексіне өзгерістерді бірінші оқылымда қолдады. Түзетулерге сәйкес, шетелден бензин сатып алатын мұнай компанияларына бюджеттен субсидия беру қарастырылған.

24 маусымдағы жағдай бойынша Ресейдің 24 өңірінде бензин мен дизель отынын сатуға қатысты шектеулер ресми түрде күшінде қалып отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу