Қарасайлықтар баспаналы болды

Malim Админ

  • 03.12.2020

Тұңғыш Президент күні қарасайлықтар керемет тартуға ие болды. Қаскелендік жиырма жеті отбасы баспаналы болды. «Қарлығаш» шағынауданындағы пәтерлер бірінші кезекте  көпбалалы  отбасыларға, жалғыз басты аналарға, ата-анасыз қалған жетім балалар мен мемлекеттік қызметкерлерге берілді. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.

Су жаңа пәтерлер «Шаңырақ» және «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілді. Айта кету керек, «Шаңырақ» бағдарламасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ бастамасымен іске қосылған. 1986 жылдан бері пәтер кезегінде тұрған адамдар қатыса алады. Және үйдің құнының он пайызын төлеу шарт. Жылына бес пайыздық мөлшермен үй жиырма жылға беріледі. Уақыт өте жылдық пайыз мөлшері азаяды. Мерекеге орай баспаналы болған мемлекеттік қызметкер Гүлмира ЕМБЕРДИЕВА он жыл баспана кезегінде тұрған. Бүгін көңілі шат, қуанышында шек жоқ.

«Тұңғыш Президент күніне орай бізге пәтер кілті беріліп жатыр. Барша баспаналы болып жатқан жандарды шын жүректен  құттықтаймын! Маған жалғыз басты ана және мемлекеттік қызметкер ретінде 2 бөлмелі пәтерді берді. Елімізде осындай жақсылықтар көп болсын.  Қарасай аудандық әкімдігіне алғыс білдіремін», - деді «азаматтарға арналған үкімет» мк маманы  Гүлмира Ембердиева.  

Тағы да баспаналы болғандардың арасында Айнұр ИСЛАМОВА есімді қарасайлық тұрғын бар.

«Айтуға тілің жетпейтін қуаныш болады. Бүгін сондай күйді бастан кешіріп отырмыз. Жергілікті билік өкілдері, мынандай бағдарламаға рақмет айтқымыз келеді. Әр отбасы өз баспанасында тұрғысы келеді ғой. Елімізде қоныс тойлар көбейе берсе екен», - деді Айнұр Исламова.

Қарасай ауданында қоныс тойлар өз жалғасын таба бермек. Қазір Қаскелен қаласындағы «Өмірзақ» шағынауданында 130 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр екен.  Аяқталысымен 500-ден аса аудан азаматы баспаналы болады.

«Бүгін аудан жұртшылығына беріліп жатқан тұрғын үй  мемлекеттік бағдарламамен салынған. Оған бюджеттен 360 миллион теңге бөлінді. Бұның салынуына облыс басшысы Амандық Баталовтың үлкен көмегі болды. Үй кезегінде тұрғандар бүгін баспанаға қол жеткізді. Алдағы уақытта «Қарлығаш» ықшамауданында елу пәтерлік тұрғын үйдің кілтін табыстаймыз», - деді қуанышты шарада сөз алған Қарасай ауданы әкімі Жандарбек ДАЛАБАЕВ. 

Байланысты жаналықтар

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

27.06.2024

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

25.06.2024
MalimBlocks
Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

Ұлттық нақышты киім-кешекке принт түрінде түсіріп, ұлттық сананы жаңғырту жолдарын іздеген дарынды суретші, ұлт жанашыры Аңсаған Мұстафамен әңгімелесудің сәті түсті.