Қазақ студенттері не жеп жүр?

Malim Админ

  • 05.02.2020

Қазақстанда ауру атаулы жасарып барады. Мәселен, қазір қатерлі ісік сияқты емдеуге көне қоймайтын аурулар жастар арасында да жиі ұшырасады. Оның басты себебі – дұрыс тамақтанбау. Бұл туралы Қазақ тамақтану академиясы мен «Аман-саулық» қоғамдық қоры және Алматы Менеджмент Университеті бірігіп жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Аталмыш зерттеу Алматы қаласындағы ЖОО-лар мен колледждер бойынша жүргізілген. Нәтижесінде, Қазақстанның оқу орындарында дұрыс тамақтануды насихаттайтын ақпараттық жұмыстар жүргізілмейтіні анықталған. Статистикаға қатысқан студенттердің 72-74 пайызы өздері оқып жатқан оқу орнында дұрыс тамақтану туралы ешқандай насихаттау жұмыстары жүрмегенін айтыпты.

Зерттеу нәтижесі бойынша жастардың ең көп тұтынатын тағамдары – фаст-фуд өнімдері. Студенттердің 35,8 пайызы фаст-фуд жейтін болып шықты. Одан кейінгі кезекте тәтті снектер. Газдалған тәтті сусындар мен энергетикалық сусындарды тұтыну көрсеткіші де жоғары. Ал, бұл аталған заттардың барлығы денсаулыққа зиян.

Студенттер көп тұтынатын тағамдар тізімі

ЖОО студенттері:                                                                 Колледж студенттері:

фаст-фуд - 35,8%                                                                       фаст-фуд - 28,7%

тек фаст-фуд-8,1%                                                                     тек фаст-фуд-9,6%

тәтті снектер-23,3%                                                                   тәтті снектер-31,5%

тәтті газдалған сусындар-22,5%                                              тәтті газдалған сусындар-28,7%

жеміс шырындары-20,3%                                                        жеміс шырындары-33%

энергетикалық сусындар-15%                                                 энергетикалық сусындар-22,4%

Студенттердің тамақтану көрсеткіші туралы зерттеудің қорытындысы туралы баспасөз конференциясы, 5 ақпан 2020 жыл.

«Біз жиі ауырамыз және ерте өлеміз. Себебі өз денсаулығымызға немқұрайлы қараймыз. Әлемде бәрі тез өзгеріп, өмір арнасы бізді де өзгертуде. Сондықтан дені сау, табысты болып, ұзақ әрі белсенді өмір сүру үшін өз өмірінді жақсы жаққа бұру керек.  Ал біздің міндетіміз - жастарды дұрыс тамақтануға дағдыландыру», - деді Қазақ тамақтану академиясының академигі және президенті Төрегелді ШАРМАНОВ.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі жастардың көбі дұрыс тамақтанбаудың салдарынан ауруға шалдығады. Көп аурудың тамақтан екенін жақсы біледі және оны өздері де мойындайды. Бірақ, бәрібір немқұрайды қарайды. Өйткені, бәрінде жалпылама ақпарат болғанмен, тамақтанудың денсаулыққа әсері жайлы нақты білім жоқ. Олардың алдына не қойса да жей беруге бар. Сол себепті, алдағы уақытта Білім және ғылым министрлігі ЖОО-лар мен колледждердің асханалары мен буфеттеріне денсаулыққа зиянды заттарды қойдырмауға, арнайы зерттелген, ғылыми тұрғыда тағайындалған тағамдардың ғана сатылуын қатаң бақылауда ұстауға тиіс.

Осыған ұқсас пікірді «Аман-саулық» ҚҚ президенті, дәрігер Бақыт ТҮМЕНОВА да айтты.

«Алынған мәліметтер студент жастардың дұрыс тамақтанбауға байланысты барлық қауіп факторларын жете бағаламайтынын көрсетеді. Алматы студенттерінің көпшілігінде асқазан-ішек жолдарының проблемалары бар, көпшілігі гастрит, асқазан жарасы, панкреатит, тері бөртпелері және аллергия сияқты ауруларға тап болған. Біздің физикалық денсаулығымыз, өмір сүру ұзақтығы, иммунитет және зат алмасу жай-күйі салауатты тамақтанумен тікелей байланысты. Сондықтан Қазақстанның барлық оқу орындарында дұрыс тамақтануды насихаттайтын ақпараттық жұмысты жүйелі түрде  жүргізу қажет деп есептеймін», - деді ол.

Жалпы, бір ай бойы жүргізілген зерттеу нәтижесіне сүйенсек, ЖОО-лардың үштен бірі, колледж студенттерінің төрттен бірі тамақтануға байланысты денсаулығы бұзылғанына шағымданған. Тіпті, зерттеуге қатысқан 652 (ЖОО) студенттің 69 пайызы медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болған. 397 колледж студентінің де дәрігерге жүгіну көрсеткіші сол шамалас – 56%.

«10 жыл бұрын адам өлімінің 80 пайызы аурудан болатын. Қазір бұл көрсеткіш 82-88 пайыз арасында тұр. Оның 55 пайызы жүрек-қан тамырлары аурулары, 18 пайызы анкологиялық аурулар. Қалғаны диабет және өкпе аурулары. Жүрек қан тамырлары, диабет, май басудың алғышарттары бала кезден басталады. Студенттік кезеңдер туралы айтпай-ақ қояйық. Инфарк, инсульт, диабет, отосклероз жасарып барады. Артық салмақ, май басу көрсеткіші де солай. Қантты екі есе көп тұтынамыз. Төрегелді Шарманұлы қайталап айтқанды жақсы көретін сөз бар: «қант дегеніңіз – ақ, тәтті, токсиндік, қатерлі у». Қант сияқты майды да (қаттымайлар, трансмайлар) екі есе көп тұтынамыз . Мұның бәрі фаст-фудтарда, кондитерлік өнімдерде, нан өнімдерінде көп кездеседі. Жастарда көп таңдау жоқ, сондықтан, пайда мен зиянға қарамай тұтына береді. Сол сияқты тұзды да 4 есеге жуық нормадан артық пайдаланамыз. Міне, осының бәрінен кейін әлгі жүрек-қан тамырлары аурулары, диабет, өзге де қатерлі аурулар қайдан шықты деуге болмайды»,  - дейді Қазақ Тағамтану академиясының профессоры, ғылым докторы Шәміл ТӘЖІБАЕВ.

Бір қызығы, сұралған студенттердің 54-66 пайызы түрлі тағамдардан уланған. Және жартысына жуығы күніне тамақтану үшін 500-1000 теңге көлемінде ақша жұмсайды. 75 пайыздан астамы тамақтану бойынша тұрақсыз режим ұстанатынын айтқан.

Тағы бір айта кетер жайт, жатақханада тұратындар мен пәтер жалдайтын студенттердің пайыздық көрсеткіші деңгейлес. Әсіресе, колледжде оқитын 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің 26 пайызы жатақханада, 23 пайызы пәтер жалдап тұрады. ЖОО студенттерінің пәтершілері – 24, жатақханадағылары – 36 пайыз. Демек, біз дұрыс тамақтанбайды деп жүрген студенттердің бір бөлігі (әсіресе жасөспірімдер) ақшасының негізгі бөлігін пәтер жалдауға жұмсап жүр. Бұл да Білім және ғылым министрлігі үшін ойланатын жайт.

P.S.: Malim.kz тілшісі Қытайда пайда болған коронавирустың таралуына тамақтану факторы әсер етті деген болжамға қатысты сұрақ қойды. Төрегелді Шарманов бұл сұраққа әзірге жауап беру қиын екенін айтты. Оның айтуынша, коронавирус туралы лақап көп. Бәсекелестіктен туған дейді... Коронавирус Қытайдың экспортын шектеп жатыр, демек, бұл Қытайдың экономикасын құлдыратуға әкеп соғуы мүмкін... Ал, қалай сақтану керек, қандай тағамдар тұтыну керек деген мәселемен Қазақ тағамтану академиясы айналыспайды...

Алмас НҮСІП

Суреттерді Қазақ тағамтану академиясының баспасөз қызметі ұсынды.

Материалды көшіріп басуға болмайды!

Байланысты жаналықтар

Биыл 27 студенттер жатақханасы қолданысқа беріледі

21.08.2024

Телекомға терең бойлау: «Кселл» студенттерге тиімді тағылымдаманы дамытуда

28.06.2024

Биыл 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

17.06.2024

Биыл студенттерге арналған 27 жатақхана пайдалануға беріледі

07.06.2024

Алматыда академик Төрегелді Шармановты соңғы сапарына шығарып салды

26.05.2024

Тоқаев Төрегелді Шармановтың отбасына көңіл айтты

25.05.2024
MalimBlocks
Биыл 27 студенттер жатақханасы қолданысқа беріледі

Бүгінде 4650 орындық 17 жатақхана іске қосылған

Телекомға терең бойлау: «Кселл» студенттерге тиімді тағылымдаманы дамытуда

Компания бір жыл бұрын түлектер мен жоғары курс студенттері үшін ақылы тағылымдама бағдарламасын іске қосқан болатын.

Биыл 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

Бұл ретте есептеулер кезінде базалық стипендия үшін 2020 жылғы шәкіртақылардың мөлшері есепке алынады.

Биыл студенттерге арналған 27 жатақхана пайдалануға беріледі

Олардың 19-ы жоғары оқу орындарына, 8-і колледждердің студенттеріне салынуға тиіс.

Алматыда академик Төрегелді Шармановты соңғы сапарына шығарып салды

Қоштасу рәсімі С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің Конкордия театрында өтті

Тоқаев Төрегелді Шармановтың отбасына көңіл айтты