«Қазақстан халқына» қоры бөлген 850 білім беру грантымен кімдер оқи алады?
2023-2024 оқу жылында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры бакалавриат, магистратура, докторантура және резидентураның күндізгі оқуына 850 білім беру грантын бөлді.
Білім грантын 29 жасқа дейінгі республика азаматтары ала алады.
- ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар;
- жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- мүгедектігі бар азаматтар;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- 2022 жылы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан азаматтардың балалары;
- 2022 жылы қаңтар оқиғасы кезінде жараланған балалар;
- төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен немесе қаза тапқан азаматтардың балалары (қордың қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде).
Білім грантына ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша оқуға түсу үшін қажетті өту балын жинаған (оның ішінде шығармашылық емтихандарды ескере отырып) талапкерлер қатысады. Грант тағайындалатын талапкерлердің тізімін Қор басқармасы бекітеді. Білім беру грантының иегерлеріне оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы төленеді және шәкіртақы жазғы демалыс кезеңін қоспағанда, 10 ай (жыл сайын) 40 000 теңге мөлшерінде төленеді.
Білім беру гранты бір рет ұсынылатын атаулы грант болып саналатындықтан екінші жоғары білім алуға берілмейді. Білім беру гранты өз қалауы бойынша және үлгерімінің төмен болуына байланысты оқудан шығарылған жағдайларда, сондай-ақ студент оқудың екінші жылына қалдырылған және білім беру гранты иеленушісінің Бағдарлама қатысушы екендігін растайтын күмәнді ақпарат және немесе дәйексіз құжаттар ұсынылған жағдайда тоқтатылады.
Грант бойынша толық мағлұматпен «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары» бөлімінде танысуға болады.