Қазақстандағы 217 елдімекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан

Жыл басынан бері 10 өңірде су басу оқиғасы болған.

Malim Админ

  • 14.03.2024

Қазақстандағы 217 елдімекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Наурыздың бірінші онкүндігінде елдің шығыс және оңтүстік аймағында бір мезгілде қатты жауын-шашын жауып, ауа температурасы көтерілді. Ел аумағын қармен жабу ауданы 72 пайыздан 61 пайызға дейін төмендеді. Су басу қаупі бар аймақта тәуекелді бағалау критерийлеріне сәйкес 217 елдімекен орналасқан», - деді ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығының м.а.

Сондай-ақ, жыл басынан бері 10 өңірде су басу оқиғасы болған.

 «Шымкент қаласында 2 тұрғын үйді және Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 28 саяжай үйді су басты. Сондай-ақ, Абай, Атырау, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстарындағы тұрғын үйлердің ауласын су басу фактілері тіркелді», - деді Жомарт Асқаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, автомобиль жолдарында 10 учаскені су басты.

Ал, «Қазгидромет» мамандарының болжамы бойынша наурыз айының соңына қарай ауа температурасының фоны көтеріліп,  салдарынан қар еріп, су басу қаупіне әкеледі. Сонымен қатар РФ шекаралас аймақтарға, атап айтқанда, Жайық өзені мен оның салаларына, Тобылдың алаптарына ерекше назар аудару қажет.

 

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Қазгидромет 10 қала тұрғындарына ескерту жасады

31.03.2025

Наурыз айының соңғы күндері елімізде ауа райы қандай болады?

30.03.2025

Демалыста ауа райы қандай болады?

28.03.2025

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды?

28.03.2025

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

27.03.2025

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды

27.03.2025
MalimBlocks
Қазгидромет 10 қала тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет синоптиктері Астананың және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Наурыз айының соңғы күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болуы мүмкін

Демалыста ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК Қазақстанда 29-31 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды?

Қазгидромет Астана және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды