Қазақстандағы бизнестің тынысын ашар жаңа сауда амалы

Malim Админ

  • 18.02.2020

Бүгінгі таңда алыптарын айтпағанда шағын және орта бизнес, жеке кәсіпкерлік, салық және бюджет саясаты электронды коммерциясыз аттап баса алмайтын жағдайға жетті.  2019 жылы әлемде 3,5 триллион доллар электронды саудадан өткен. Қаржыгерлер, сарапшылар жыл сайын осы сауданың қарқыны 20 пайызға өсіп жатқанын айтады.   Әрине көш басында Қытай мен АҚШ тұрғаны айтпаса да түсінікті. Осы елдердан тамыр алған Alibaba және Amazon электронды платформалары қазір әлемдегі онлайын нарығының жартысын жаулап алғаны бес жасар балаға да аян. Ал жоғарыда айтып өткен әлемдегі электронды саудаға түскен былтырғы 3,5 триллион доллардың тең жартысы қарапайым смартфондар арқылы жасалғанын ескерсек, бұл үрдіс одан сайын қарқындай түсері анық. Ал, әлемде күн емес, сағат емес, минут сайын толағайдай толысып келе жатқан  электронды сауданың еліміздегі жай-жапсары қандай?

18 ақпанда өткен үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов электронды сауданы дамыту мәселелері жайында баяндама жасап, Қазақстанда смартфондар арқылы сатып алушылардың үлесі 65 пайызға жақындағанын мәлім етті.

Министрдің айтуынша, былтыр электронды сауда нарығының көлемі 1,8 есеге өсіп, 700 миллиард теңгеден асқан. Дегенмен, бөлшек саудадағы электронды сауданың үлесі 3,7 пайыз ғана. Бақыт Сұлтановтың сөзінше, бұл жаман көрсеткіш емес, өсу әлеуетінде өзгеріс бар.

–Ішкі нарық қарқынды дамуда. Қазақстандық интернет-дүкендерден сатып алу көлемі жалпы алғанда 422 миллиард теңгеге жетті. Ал халықаралық интернет-алаңдары бойынша -–280 миллиард теңге. Сатып алулар саны 40,5 миллионға дейін өсті. Бұл ретте ішкі нарықтың негізгі өсімі – 2,5 есеге асып – 22 миллион дана болды. 2019 жылы белсенді сатып алушылардың саны 72 пайызға артып, 3,2 миллион адамға жетті,– деді министр бір сөзінде.

Бір қызығы, еліміз 2 мыңнан астам интернет-дүкені болса, соның 579-ы ғана салық жеңілдіктерін пайдалануға тіркеуден өткен. Қалғандары не табысын толық көрсеткісі келмейді немесе заң талаптарына көңіл бөлмейді. Министрлік салық жеңілдіктерін пайдаланбай жүрген интернет-дүкендерін қатаң жазаламай, керісінше, ынталандыру арқылы беттерін өздеріне қаратпақ.

Электронды сауда қарапайым тұтынушыға қолайлы, ыңғайлы, қауіпсіз болса, мемлекет үшін көлеңкедегі көрінбейтін ақшаны «жарыққа»  шығарудың таптырмас амалы. Тауарлар мен қызметтер  айналымындағы көрінбес қаржының «ағаруы» да аяңдап болсын жақсарып келеді екен. Мәселен 2019 жылғы қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 2,3 есеге артып, шамамен 14,4 триллион теңгеге жеткен. Яғни, осы қаржының арқасында елімізде POS-терминалдардың сауда инфрақұрылымының дамуына, Қазақстан нарығына Apple Pay және Samsung Pay келуіне, банктердің клиенттеріне бонустар мен кэшбэк стимулдары арқылы ынталандыруына, сондай-ақ қоғамдық көліктің барлық түрлерінде қолма-қол ақшасыз төлемдерді белсенді қолдануға жол ашып отыр. 2019 жылы электрондық саудада 36,8 мың жаңа жұмыс орынының ашылғаны бұл нарықтың болашағы зор екенін аңғартатындай. Үкімет те мұны біліп отыр. Былтыр электронды коммерцияны дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған Жол картасы әзірленіп, қабылдаған да болатын. Бұл құжатта электронды саудада экспортты арттыру, отандық кәсіпкерлерді электрондық саудаға тарту және инфрақұрылымды дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау және электрондық сауданы ілгерілету дегендей үш бағыт арнайы қаралған. Көріп отырғанымыздай, бірінші бағыттағы жұмыс әзірге жаман емес, өсім бар.  Екінші бағытта яғни, қазақстандық компанияларды халықаралық электрондық платформаларда ілгерілету жөніндегі шараларда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Интернет-экспорттаушы мектебі» бағдарламасын іске қосқандай болды. Әзірге жоспар түрінде тұрған бұл жоба іске асса, электронды сауда алаңдарында бизнесті жүргізудің практикалық әдісіне 200 қатысушы оқытылмақ. Бастаушы және тәжірибелі кәсіпкерлерге интернет-платформаларда ілгерілету бойынша тікелей қолдау көрсетілмек.  Мысалы,  Alibaba секілді ірі халықаралық платформаға «Алтын жеткізуші» ретінде тіркеу үшін 50 компания іріктелмек.  Бұл премиалды мәртебесі жаһандық аудиторияға қолжетімділікті, маркетинг ішінде кешенді ілгерілету мүмкіндігін қамтамасыз етпек. Яғни, халықаралық ірі платформаларда қазақстандық компаниялар өнімін іздеу оңайлатылып мен олармен сауда жасау ісі жүйеленбек.  Жалпы, 2019 жылы электронды сауда арқылы импортқа шыққан қазақстандық тауарлардың құны 5 миллион  доллар екен. Бұл халықаралық электронды платформаларға терезе қағып тұрған сәттегі көрсеткіш. Ал ірі платформаларға есік ашып кіретін жағдайға жетсек, қазақстандың компаниялардың электронды сауда арқылы импорт әлеуеті артары сөзсіз. Осы бағытты үдетіп дамыту жолында Үкімет елімізге халықаралық платформалар тартпақ.  Өткен жылы сауда және интеграция министрлігі «Wildberries» халықаралық компаниясымен инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойған еді. Оның негізгі мақсаты – аталған платформа арқылы қазақстандық тауарлардың экспортын арттыруға мүмкіндік беретін инфрақұрылымды құру және дамыту.

Wildberries компаниясы Астана халықаралық қаржы орталығының қатысушысы, яғни инвестор ретінде өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға толық мүмкіндік алатынын айта кеткен де жөн.

Жоғарыда айтып өткен Жол картасының үшінші бағыты – электронды сауда нарығы экожүйесінің инфрақұрылымын дамытуға келсек, бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларында күн сайын 350 мыңнан астам пошта жөнелтімдерін өңдейтін 3 фулфилмент-орталық жұмыс істеп тұр. Министр Бақыт Сұлтанов 2025 жылға қарай мұндай орталықтың санын 19-ға дейін көбейткісі келеді. Министрдің есебінше, орталықтар өзі ойлағанындай көбейсе, пошта жөнелтімдері көлемін 82,8 милллион  данаға дейін ұлғайтуға және 1 000 (бір мың) астам интернет-дүкендердің қызметтерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, үкімет электоронды сауда шеңберін қала шекарасымен шектемей, ауылдағы өнім өндіругі мен қаладағы сатушының арасын да байланыстырмақ. Мәселен, фермерлер мен көтерме сатып алушылар үшін электрондық сауда алаңдары құрылмақ.

– Азық-түлік саудасын дамыту мақсатында «Onay Bazar» және «HappyFood.kz» электрондық платформаларын дамытуға қолдау көрсетілді. Олар тұтынушыға үйден шықпай-ақ тауар сатып алуға мүмкіндік береді. Мәселен, базардағы сәбіз 100 теңгеден сатылса, Onay Bazarда 85 теңге ғана тұрады. Фермерлердің отандық өнімді бәсекеге қабілетті бағамен сатуы үшін «Agro Labs» платформасы әзірленіп жатыр. Жалпы, сауданы цифрландыру  азық-түлік бағасын төмендетуге, сондай-ақ баға белгілеуді ашық етуге мүмкіндік береді деп ойлаймы, – деді министр үкімет сағатында.

Бүгінде елімізде 13 электронды сауда алаңы жұмыс істеп тұр.  Kaspi.kz, flip.kz, chocofamily, mechta.kz басқа да маркетплейстер тауарлар мен қызметтердің шамамен 20 санаты бар. Бұл әрине бастамасы ғана. Электронды сауда нарығын реттеп, дамытатын ережелер реттелген сайын бұл базарда сауда да, бәсеке де күшейе бермек.

Байланысты жаналықтар

Ертісбаев Хасан Қасымбаевтың бизнесін тексеруге шақырды

11.11.2024

Премьер-миинистр Қытайдың ірі компания өкілдерімен кездесті: 2,5 млрд долларлық келісім жасалды

04.11.2024

Шымкенттің инвестициялық тартымдылығы артып келеді

21.10.2024

Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының, ГФР Канцлері және Германияның ірі бизнес өкілдерінің кездесуіне қатысты

17.09.2024

Олжас Бектенов ірі бизнес өкілдерімен кездесті

12.09.2024

Қазақстанда адам ағзасы саудаға түскен

12.09.2024
MalimBlocks
Ертісбаев Хасан Қасымбаевтың бизнесін тексеруге шақырды

Министрлік хатында Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округі аумағында қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіру құқығы ешкімде жоқ» деп жазылған

Премьер-миинистр Қытайдың ірі компания өкілдерімен кездесті: 2,5 млрд долларлық келісім жасалды

Шымкенттің инвестициялық тартымдылығы артып келеді

2023 жылдың қорытындысы бойынша қала экономикасына 661,7 млрд теңге инвестиция тартылып, өнеркәсіптік кәсіпорындар шығарған өнім көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеден асты

Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының, ГФР Канцлері және Германияның ірі бизнес өкілдерінің кездесуіне қатысты

Олжас Бектенов ірі бизнес өкілдерімен кездесті

Ірі бизнес еліміздің технологиялық және инновациялық дамуында маңызды рөл атқарады, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді

Қазақстанда адам ағзасы саудаға түскен

Органдарды сату үшін адам ұрлау бойынша екі іс тіркелген