freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкенттік оқушылар арасында суицид пен ерте жүктілік көбейген

Қоғам
Шымкенттік оқушылар арасында суицид пен ерте жүктілік көбейген
Pexels

Қала мектептерінде оқушылар арасындағы суицид, буллинг және ерте жүктілік бойынша бірнеше жағдай анықталды.

Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Қуаныш Ысқақовтың айтуынша, өткен жылы қалада оқушылар арасында 11 суицид фактісі және ерте жүктіліктің 4 жағдайы тіркелген.

Оқушылар арасындағы 11 суицид жағдайының барлығы өз үйінде болған және отбасылық жанжалдың салдарынан туындаған. Жалпы, жыл басынан бері мұндай факті тіркелген жоқ. Алайда биыл №7 мектептің оқушысына қатысты жағдай болғанымен, қылмыстық іс аясында оның суицид екені расталмады, – деді спикер.

Оның айтуынша, суицидтің алдын алу бағытында арнайы орталық жұмыс істеп жатыр.

Шымкентте өткен жылы психологиялық-педагогикалық қолдау орталығы ашылды. Оның нәтижесінде оқушылар арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілері азайды. Мәселен, 2024 жылмен салыстырғанда 2025 жылы суицид көрсеткіші 40 пайызға төмендеді, – деді Қуаныш Ысқақов.

Сонымен қатар қалада буллингке қатысты 22 дерек тіркеліп, аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Буллингке байланысты 400-ден астам арыз түскен. Оның алдын алу мақсатында өткен жылы «Айқын» бағдарламасы аясында барлық мектепке бейнекамералар орнатылған. Бұл камералар буллингті анықтайтын арнайы бағдарламамен жабдықталған.

Мысалы, қаладағы №142 мектепте буллинг жағдайы анықталды. Мектептің акт залында жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларына күш көрсеткен. Бұл жағдай бейнекамера арқылы анықталды. Нәтижесінде мектеп директоры қызметінен босатылып, орынбасарларына тәртіптік шара қолданылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді спикер.

Басқарма басшысы Шымкент қаласында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған «Тәлімгер» жобасы жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Қазір бұл жоба республика бойынша кеңінен қолға алынған. Жоба аясында қаламызда құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлері мектептерге жұмысқа қабылданып жатыр. Олар оқу орындарында құқықтық мәдениетке арналған тәрбие сағаттарын өткізіп, дәріс оқиды, – деді ол.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу