freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Абай облысында алимент төлемеген екі әке сотталды

Қоғам
Абай облысында алимент төлемеген екі әке сотталды
Фото: istockphoto.com

Абай облысында алимент төлеуден жалтарған екі әке сотталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бородулиха ауданында прокуратура балаларға алимент төлеуден әдейі жалтарған екі тұрғынды анықтаған. Олардың бірі 1,7 млн теңгеден астам қарыз жинаса, екіншісі 700 мың теңгеден көп берешек болған. Екеуі де жұмысқа орналасқаны туралы әдейі хабарламай келген.

«Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімдерімен ауданның екі тұрғыны ҚР ҚК-нің 139-бабы (балаларды асырауға арналған қаражатты төлеу міндетін орындамау) бойынша 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сонымен қатар, мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында сот процестері 12 алимент төлеуші борышкер мен өндіріп алушылардың қатысуымен көрсетілім ретінде өткізілді», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарған борышкердің қамауға алынғаны хабарланған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу